Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қытай саудасына қандай ет ұсынған дұрыс
Осы жылы отандық мал өсірушілер мен қайта өңдеушілер пандемияның экономикаға әсер етуіне байланысты сатылымдарының айтарлықтай төмендеуін бастан кешіріп отыр. Мысалы, карантин кезінде Нұр-Сұлтан нарығындағы ет сатылымы 70%-дан аспады. Бұл HoReCa сегментінде қонақ үйлер, мейрамханалар, дәмханалардың карантиндік шектеулерге байланысты жабылуымен түсіндіріледі. Халықтың табысы да төмендеді, бұл көптеген адамдарды үнемдеуге мәжбүр етті. Бұл жағдайда экспорттық нарықтарды ашу мәселесі ең өткір мәселеге айналды.
Жоғары талаптар
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдындағы бірінші кезектегі міндет – салқындатылған ет жеткізетін экспорт нарықтарын ашу, - деді «Астана Агроөнім» компаниясының құрылтайшысы Серік Рахымбаев. – Қазақстан алыс жерлерге салқындатылған ет жеткізу тәжірибесін бұрыннан меңгерген. Онымен айналысатын үш ет комбинаты бар: Ақмола облысында, Ақтөбедегі Алға, Алматыдағы MPS – Иранға ет жеткізеді. Ақмола облысынан тапсырыс берушіге дейінгі қашықтық 4 мың км астам болды. Вакуумды қаптамадағы етті жеткізу мерзімі 12 күнге дейін жетеді.
Иранға қатысты қатаң санкциялар қабылданғанға дейін жеткізілімдер жақсы жүріп жатты, одан кейін бұл нарық біздің жеткізушілеріміз үшін өздігінен жабылды. Сондықтан да барлық үміт қазір Қытаймен байланысты. Өткен жылы ҚХР-ға шамамен 1,5 млн тонна сиыр еті жеткізілді. Жеткізушілер қатарында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Австралия, Канада елдері. Ал біз «тау артындағы» ел болсақ та, ол нарықта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бола алмай отырмыз.
Қазір Қазақстанның ет өңдейтін тек төрт комбинаты Қытайға мұздатылған ет жеткізуге құқылы. Бұл жеткіліксіз. Себебі, Қытайдың импорттық талаптары өте жоғары. Жеткізушілер тізіліміне кіру үшін, қытай қызметі инспекциясына төтеп беру керек.
- Егер талаптарды салыстырсақ, кейбір параметрлер бойынша қытай талаптары еуропалықтардікіне қарағанда қатал. Қазір инспекция жұмыс істеп жатыр, аккредиттелген ет комбинаттарының тізімі өсуі мүмкін, - деп атап өтті Серік Рахымбаев.
Тақырып бойынша оқыңыз: Ауыл шаруашылығы министрлігі KazBeef компаниясын Қытайға өнім экспорттаушылардың тізіміне енгізу үшін тексереді
Қайта өңдеудің пайдасы
Жеткізуге рұқсат етілген еттің түрі бойынша мәселе күрделірек – қазір ол салқындатылған емес, мұздатылған ет. Қазақстан Республикасының келіссөз ұстанымына қатысты мәселе көп. Мұндай тақырыптарды талқылау кезінде әдетте тараптар кейбір мәселелерде бір-біріне жол береді. Яғни кейбір рұқсаттарды алмасу жүреді. Әзірше Қазақстан мен Қытай салқындатылған етке қатысты келісімге келген жоқ. Бірақ келіссөздер жалғасуда.
- Тағы бір өткір мәселе , Қытайдың тірі мал әкелуге баж салығын белгілемеуі.
Ал ет импорты баж салығы – 32%. Бұл бағытта Қытаймен достығы мықты елдер бар, мысалы, Жаңа Зеландия. Бұл елдер етті баж салығынсыз әкелу мүмкіндігіне ие. Осыдан ақ нарық жағдайын көз алдыңызға елестетіңіз, біздің ет бәсекелестеріміздікіне қарағанда 32%-ға қымбат болады. Бәсекеге қабілетті болу үшін сату бағасын осы сомаға төмендетуге тура келеді. Міне, сәтті келіссөздердің нәтижесі осындай. Бұл ауыл шаруашылық министрлігінің рөлі. Иә, министрлік біраз шаруаларды атқарып, соңғы жылдары біздің көптеген ауыл шаруашылық өнімдеріміз үшін Қытай нарығына жол ашты. Алайда келіссөздерді жалғастырып, ең алдымен ет жөніндегі жаңа мүмкіндіктерді ашу керек, - деп атап өтті Серік Рахымбаев.
Сарапшы дұрыс сауда жүргізу керек екенімізді, Қазақстан басқа экономикалардың шикізат көзі болмауы керектігін атап көрсетеді. Егер ел тірі мал сататын болса, онда шикізат елі болып қала береміз. Тірі мал мен ет сату арасындағы айырмашылық мұнай мен бензин сатумен бірдей. Яғни өнім жеткізуші қосымша құнды, өңдеу қуатының толық жүктемесін, жұмысшылардың жалақысын алады, ал елге салық түседі.
Барлығы өте қарапайым және түсінікті: жалпы ауыл шаруашылығы (ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру) жылына 55 млрд. теңге салық төлейді. «Астана Агроөнімнің» бордақылау алаңы мен ет комбинаты жылына 100 млн салық береді. Елдің жетекші ет өңдеушілерінің әрқайсысының жыл сайынғы аударымдары жылына 1-2 млрд құрайды. Бұл сандардан өңдеудің экономика үшін қаншалықты маңызды және пайдалы екендігі түсінікті.
Тақырып бойынша оқыңыз: Мал экспортына 5 жылға дейін тыйым салу ұсынылды
Әділ баға
Осыған байланысты Қытаймен келіссөздердегі тағы бір маңызды сәт – оларға субөнімдер жеткізуге де рұқсат алу.
- Бүгінгі таңда Қытайда салқындатылған сиыр етінің килограмы шамамен 12 доллар немесе 5000 теңге тұрады, - деді Серік Рахымбаев. – Субөнімдер де бағалы, бір малдың етінен – бір килограмға 10 доллардан және одан да көп береді. Біз малдың бауырын, бүйрегін, жүрегін, жұлынын, ішегін, сонымен қатар аяқтары мен құлақтарын жемейміз. Сондықтан да бұл өнімдердің бағасы өте төмен. Енді салыстырып көрейік: қазір килограмы 2000 теңгеден болған күннің өзінде сойылған бұқадан 350 - 400 мың теңге түсіреміз. Егер оны өзімізде сойып, ҚХР-ға салқындатылған ет өнімдерін жеткізетін болсақ, сол еттен шамамен 1,2 миллион аламыз. Яғни біз одан үш есе көп пайда табамыз.
Осының арқасында ет комбинаттары фермерлерге етке әділ баға бере алады, бұл қазіргі килограммға 1600 теңгеден жоғары. Одан өзге ет комбинатының қызметкерлері жоғары жалақыға қол жеткізіп, мемлекет ірі салық аударымдары түріндегі қайтарымға қол жеткізеді. Демек тұтас саланың, етті қайта өңдеудің сапалы өсуі орын алады. Ауыл шаруашылығында көптен күткен индустрияландыру элементтері пайда болады, олар АӨК-нің қолданыстағы мемлекеттік бағдарламасында (бірақ орындалудан әлі алыс) қойылған міндеттері орындай отырып, еңбек өнімділігі мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 2,5 есе арттыру.
- Ішкі нарыққа әсеріне келетін болсақ, бұл жағдайда еттің бағасы аздап өседі. Базардағы сиыр етінің килограмы 2100-2200 теңге мөлшерінде болады, - деп Серік Рахымбаев сенім білдірәп отыр.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қытайға мал экспорттау елдегі ет бағасына әсер ететін болады
Әлсіз тұстар
Қазіргі уақытта әрбір өңірде мал сойып, етті терең өңдейтін, еуропалық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинаттары Жамбыл, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және басқа облыстарында бар.
Алайда олардың қуаты 35-40%, ең көбі 50 %-ға жүктелген. Толық жүктелмеуіне фермерлер мен бордақылау алаңдарынан тапсырылатын малдың тапшылығы себеп болып отыр.
- Өкінішке орай бізде аулада мал союға тыйым салу туралы заң жұмыс істемей отыр, -деп атап өтті Серік Рахымбаев. Дүние жүзінде малдың 100% ет комбинаттарында сойылады. Бізде негізінен санитарлық нормалар мен ережелер сақталмайтын аулаларда сойылады, ал ішек-қарны, қаны қоқысқа тасталып, одан қалса ит пен құсқа жем болады. Бірнеше жыл бұрын ҚР АШМ жұмыс тобының құрамында осы мәселені зерттеген болатынмын. Ет комбинаттарында барлығы3% -5% мал сойылатынын анықтадық. Осыдан ақ Қазақстанда малдан адамға жұғатын ауру түрлерінің көп екені белгілі.
Өткен жылы ҚР-дан 156 мың бас ірі қара мал алып кеткен бордақылау алаңдарына келер болсақ, қазір тірі мал экспортына тыйым салуды алып тастауды қолдап отыр. Осы жылдың тамыз айына дейін ет комбинаттарына қатысты, фермерлерге бордақылау алаңына тапсыру кезінде тірі салмағының килограммына 200 теңге есебінен субсидия алу басым болғантын. Ал тамыз айынан бастап осы 200 теңге ет комбинатына тапсыру кезінде де төленетін болады.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан мал экспортына тыйым салу мерзімін ұзартуы қажет
- Егер Қазақстанға шетелге тірі мал сату тура келетін болса, онда ол тек асыл тұқымды малға қатысты болуы керек. Бұл бүкіл әлемде пайдалы және құпталады, өйткені асыл тұқымды бұқаның бағасы шынымен 100 мың долларға дейін.Мұнымен бізде асыл тұқымды репродукторлар, мысалы, Қостанай облысындағы Terra айналыса алады. Сондықтан шетелге асыл тұқымды бұқалар мен қашарларды сатуға болады. Бірақ бәрібір ішкі нарықтың мүдделерін, халқымыздың мүдделерін ескеру үшін сатылымдарды квоталау қажет, - деп атап көрсетті Серік Рахымбаев.
Серік Рақымбаев түсіндіргендей, ет нарығында сала көшбасшыларының өз позицияларын қорғау үшін қолданатын әлсіз тұстар көп. Мысалы, Аргентина әлемдік ет индустриясының негізгі ойыншыларының бірі, 14 айдан кіші малды союға тыйым салып отыр. Егер осы жастағы жас төлді соятын болса, толыққанды бордақылау барысында алынатын қосылған құн (25% - 30%) жоғалады. Қазақстанда, өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиі орын алып отыр, фермерлер ет комбинатына тапсырудың орнына сүт бұзауларын союға жібереді. Осыған байланысты елдегі ет өндірісінің жалпы көлемі төмендейді.
Өкінішке орай Қазақстанда осы процесті реттейтін қандай да болмасын ереже жоқ. Оларды саланың дамуын қолдау үшін енгізу қажет.