Қазақстан Республикасының тағы екі кәсіпорны сүт өнімдерін Қытайға экспорттайтын болады

Тағы екі қазақстандық кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізілді, бұл жағдай оларға өз өнімдерін осы елге экспорттауға құқық береді. Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті хабарлады.

Комитетте мәлімдегендей, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың нәтижесінде Қытайға өнім экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне қазақстандық «МолКом-Павлодар» (Павлодар облысы) және ДЕП (Қостанай облысы) компаниялары енгізілді.

Бұған дейін аталған Тізілімге қазақстандық  «Гормолзавод» ЖШС (Ақмола облысы), «Дәулет-Бекет» ЖШС, Фуд Мастер ЖШС (Алматы облысы), «Лидер-2010» ЖШС (Қостанай облысы), «Евразия Инвест LTD» ЖШС (Қарағанды облысы), «Golden Camel Group LTD» ЖШС (Түркістан облысы) енгізілген болатын.

Осылайша, бүгінгі таңда сүт және сүт өнімдерін өндіретін 8 қазақстандық кәсіпорын тізілімге енгізіліп, өз өнімдерін Қытай аумағына экспорттай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Өткен аптада Шанхайда CIIE -2020 халықаралық импорттық көрме өз жұмысын аяқтады, оған Қазақстаннан тамақ өнеркәсібінің 35 компаниясы қатысты. Көрме жұмысының бес күнінде қазақстандық ұлттық павильонға 1000-нан астам қытайлық компания өкілдері келді. Жасалған келісім-шарттардан басқа, Қазақстан Республикасы Қытай жерінде  қазақстандық етті дистрибьюциялау үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы, сондай-ақ оңтүстік Қытайда Қазақстандық сауда үйін ашу туралы ұсыныс алды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.