Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
«Зеренділік» ешкі өнімдері нарықтан қалай орын алды?
Мал өсірушілер көбінесе кеңінен таралған шаруашылық- сиыр, қой, жылқы өсіруді таңдайды. Алайда нарықта өз орнын алуға тырысқан шаруашылыққа назар аударып, олардың жұмысымен танысып көрейік.
Қазақстанда өнеркәсіптік түрде ешкі өсірумен айналысатындар аз. Көбінесе ешкілерді кішкентай шағын фермерлер асырайды.
2016 жылы Ақмола облысының Қажымұқан ауылында, астанадан алыс емес жерде «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы құрылды. Бүгінде бұл елдегі ең ірі, ең жақсы генетикалық малдары бар ферма болып саналады. Алғаш құрылған кезде фермада үш жүздей ешкі болды, бүгінде мал саны мыңнан асады. Жақсы тұқымды ешкілер сапалы сүт береді, ал заманауи жабдықтар өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сүт зауытының қуаты-жылына 4 мың тонна.
Тақырыпты оқу: 2020 жылы қой мен ешкі саны 816,8 мыңға артты
Фермада Голландиядан әкелінген заанен тұқымды ешкілер өсіріледі. Бұл әлемдегі ең сүтті тұқымдардың бірі болып саналады.
Суретте Азамат Тұрмағамбетов
- Біздің елімізде нарықтың осы саласында салыстырмалы түрде айтсақ, орын бос болды, соның орнын толтырып, мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстық, - деді «Зеренді» ешкі шаруашылығының басқарушысы Азамат Тұрмағамбетов. - Сонымен қатар, бүкіл әлемде ешкі сүтіне сұраныс арту үстінде. Еліміздегі дәстүрлі сиыр сүтінен ешкі сүтінің біршама айырмашылығы бар. Сондай-ақ ешкі сүтін көптеген адам жақсы көреді.
Ешкі сүтін ішу-денсаулыққа пайдалы
Шынында да, мамандар ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда пайдалы екенін айтады. Зерттеулер бойынша ешкі сүтінде аллергенді ақуыздар аз кездесетіні анықталған. Аллергия қазіргі әлемнің үлкен проблемасы болғандықтан (ДДСҰ мәліметтері бойынша, әртүрлі аллергияға ұшыраған адамдардың саны экспоненциалды түрде өсуде) гипоаллергенді өнімдер болашақта үлкен сұранысқа ие болады.
Ешкі сүтінің майы мен ақуызы оңай сіңеді, ал ешкі сүтіндегі лактоза мөлшері сиыр сүтіне қарағанда төмен. Бұл лактозаға аллергиясы бар адамдар үшін өте маңызды. Олар ешкі сүтін жиі таңдайды. Құрамында калий көп болғандықтан ол жүрек ауруына, гипотоника және гипертонияға шалдыққандар үшін пайдалы.
Тақырыпты оқу: ҚазАТУ ғалымдары қой сүтін экспорттауды қарастыруда
Сонымен қатар,оның құрамында кальций, минералдар мен дәрумендердің көп мөлшері бар. Ешкі сүті пребиотик болып табылады, яғни асқазан-ішек жолдарын жақсы сақтауға көмектеседі, ішекте пайдалы бактериялардың көбеюіне көмектеседі, сонымен қатар зиянды бактериялардың артуына қарсы тұрады.
Осындай қасиеттеріне қарай ешкі сүтін емшек сүтімен алмастыруға немесе қосымша тағам ретінде пайдалануға болады.
- Әрине, біздің өнімдеріміздің басты артықшылығы – гипоаллергенділік, жеңіл сіңеді, - деп атап өтті Азамат Тұрмағамбетов. - Сиыр сүтін іше алмайтын, ағзасы сіңіре алмайтын адамдар ешкі сүтін қолданады. Лактозаға төзбеушілік бар адамдар көп. Олар үшін бұл өте жақсы сүт болып саналады.
Әзірше қызығушылық бар, келешекте сұраныс артады
Ешкі сүтінен алынған өнімдердің оңай сіңетіндігі салауатты өмір салтын ұстанатын, фитнес және әртүрлі спорт түрлерімен айналысатын адамдар арасында кеңінен танымал. Физикалық және эмоционалды жүктемелерден кейін энергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін өте пайдалы өнім. Алайда, ешкі сүті елімізде әліде болса, көп өндірілмейді. Сондықтан да барлық адамды бұл сүтпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Көптеген адамдар күнделікті өмірде әдеттегідей сиыр сүтін қолдануда.
–Өсу динамикасы бар, алайда баяу. Біздің өнімдерге қызығушылық танытқан адамдар саны артып келеді, - деп атап өтті Азамат Тұрмағамбетов. - Алайда, сұраныс әлі де баяу өсуде. Бұл, ең алдымен, ешкі сүтінен жасалған өнімдер қазақстандықтардың көпшілігі күнделікті қолданбайтындығымен байланысты. Халық дәстүрлі түрдегі сиыр сүтін тұтынуды жөн көреді.
«Зеренді» шаруашылық қызметінің негізгі бағыты ешкі сүтін өндіру және соның негізінде түрлі өнімдер шығару болып табылады. Сондықтан мұнда сауын ешкілер жоғары бағаланады. Ешкі отарында пайда болған лақтарды сүт үшін қолдану тиімсіз, сондықтан фермада мал сою цехы ашылып, ет өндіру желісі іске қосылды.
Тақырыпты оқу: Не себепті қазақстандық мал шаруашылығына шетелдік қой қажет болуда?
Өз клиенттерін ерекше тағамдармен таңдандырғысы келетін көптеген мейрамханалар ешкі етін сатып алуға дайын.
Ешкі еті-ақуыздарға және амин қышқылдарына бай, кез-келген аспаздық тағамдарды дайындауға жарамды, оның еті қойдың дәмінен кем емес және калориясы төмен.
- Ешкі етіне сұраныс бар, бірақ көп емес, – деп түсіндірді Азамат Тұрмағамбетов. - Дегенмен, қазақстандықтар үшін бұл күнделікті тұтынатын тағам емес. Ол негізінен әр адамның талғамына қарай қолданылады және біздің елімізде басқа ет түрлерімен нарықта бәсекелеспейді.
Ешкі сүтінен түрлі өнімдер жасалады
Кез-келген өндіріс кенеттен қиындықтарға тап болып, күтпеген жағдайларға кездеседі. Биылғы жылы коронавирустық пандемия өндіріс пен бизнестің түрлеріне қиындықтар туғызды. «Зеренді» шаруашылығында да осындай жағдайлар болуда.
- Үлкен проблемалар болды, - деп мойындады Азамат Тұрмағамбетов. - Карантинге байланысты біз өнімдерімізді еркін сата алмадық, әдеттегі қалыптасқан жүие бұзылды. Біз қызметкерлерді, материалдар мен жем-шөпті тасымалдай алмадық. Ал ең үлкен проблема-біз өнімді қалыпты түрде басқа өңірлерге шығара алмадық. Бұл өте қиын кезең болды.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда бес жылдан кейін сүт импортына тәуелділік болмайды
Қазір бұл проблемалар артта қалып, өндіріс қалыпты жұмыс жағдайына оралды. «Зеренді» кәсіпорны өндіретін өнімдердің ассортименті алуан түрлілігімен таң қалдырады. Бұл әр түрлі сүт қана емес, сонымен қатар ірімшіктер, айрандар, йогурттар, сүзбе, май, құрт және тіпті балмұздақ. Айтарлықтай артықшылығы-барлық өнімдер консерванттарды қолданбай толығымен табиғи түрде жасалады. Табиғи және пайдалы өнім, бұл -кәсіпорынның басты қағидасы.
- Иә, іске қосылған кезбен салыстырғанда өндіріс желісі айтарлықтай кеңейді, - деп түйіндеді Азамат Тұрмағамбетов. - Бүгінгі таңда тек 15 түрлі сүт жасаймыз. Жалпы, қазіргі уақытта қырықтан астам түрлі өнімдер шығарамыз. Бізде ішкі нарықты дамыту үшін де, сыртқы нарыққа шығу үшін де перспективалар өте кең. Ешкі сүтінен жасалған өнімдер үлкен экспорттық әлеуетке ие.