Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
СҚО-да бір жер пайдаланушыдан 38 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысында 45 жауапсыз жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енді. Оның 14-і жалпы ауданы 10 755 га болатын ауыл шаруашылығы учаскелерінен айырылды.
Ең көп жерінен айырылған «Айыртау Grain Company» ЖШС болды, аталған шаруашылықтан Айыртау ауданында орналасқан: Антонов, Сырымбет, Украин, Қамсақты ауылдық округтерінде ауданы 2-ден 201 га-ға дейінгі 38 учаске тәркіленді. Аталған шаруашылық жалпы 1528 гектарынан айырылды.
«Терновское» ЖШС –дан Тайынша ауданында орналасқан көлемі 10, 20, 520 және 1084 га төрт учаскесі тәркіленді, бұл жер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін бөлінген еді.
Сондай-ақ, Айыртау ауданында жалпы ауданы 1241 га болатын алты учаскеден KametexAgroCompany компаниясы айырылды.
«Краснокиевка» ЖШС-дан Тайынша ауданында мөлшері 4, 220, 581 және 624 га болатын 4 учаске тәркіленді.
Айыртау ауданындағы «Құсайынов и К» ЖШС-дан 136, 163 га және 1197 га үлкен учаскелер алынды.
Қызылжар ауданында орналасқан «СВК-Агро» компаниясынан екі учаске тәркіленді - 142 және 173 га.
Сондай - ақ, Уәлиханов ауданындағы «Рахимов» фермерлік шаруашылығынан-578 га және Жамбыл ауданындағы «Ақ - Жер 2010» ЖШС—дан 785 га ірі жер телімдері тәркіленді.
Аталған жер телімдерін кері қайтару туралы шешім 2018 және 2019 жылдары күшіне енген болатын.
Қазақстандағы үкіметке кері қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы толық ақпаратпен мына сілтемені басып танысуға болады.
Жер туралы кодексіне (92 және 94-баптар) сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, екі жыл бойы пайдаланылмаса, алып қойылады. Сонымен қатар, АШМ заңнамаға түзетулер дайындады, оған сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бір жыл ішінде пайдаланылмаған жағдайда тәркіленетін болады.