Кәдеге жарату алымын енгізу Президенттің тапсырмасына қайшы

Кәдеге жарату алымының Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына жойқын әсері ірі салалық одақтың ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровтың атына хат жазуына арқау болды.

Орта ғасырларға қайта оралу

1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен бизнес өкілдерін тарта отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бесжылдық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Премьер-министр Асқар Мамин министрліктерге Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарына ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Осыған байланысты салалық одақтар биліктің құлақ түргенін қалап отыр. Өйткені олардың бұдан бұрынғы кәдеге асыруды енгізу туралы көптеген өтініштері жауапсыз қалған болатын.

Тақырып бойынша оқыңыз: Еркін Тәтішев: Кәдеге жарату алымының енгізілуі заңсыз

Фермерлердің өтініштері қарапайым және түсінікті, олар тек ауыл шаруашылық техникасына кәдеге жарату алымын толық алып тастауды, заманауи ауыл шаруашылық техникаларының қол жетімділігін арттыруды сұрап отыр. Ауыл шаруашылық техникасының тізбесін шектеу 2019 жылдың желтоқсанында басталып, ал 2020 жылдың маусымында бүкіл тізімге таратылғанын еске саламыз. Бұл тек баға көрсеткіштерінің өсуіне алып келді. Жалған отандық машина жасаудың дамуы туралы сөз қозғаудың мәні жоқ, өйткені ол тек бұрамалы құрастырудан тұрады, сол күйінде қалатыны бәсенеден белгілі.

«Машина жасаушылар сауда үстеме бағасын қазақстандық қамту ретінде есептейтін қолданыстағы оқшаулау деңгейін анықтау формуласын тиімді пайдалануда. Яғни зауыт 30 пайыздық үстеме баға жасаса жеткілікті, бұл оқшаулау талаптарының 4-5 жыл бұрын орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда ешкім қажетті операциялар тізбесінің орындалуын бақыламайды. Ал нарықтағы бағаның өсуіне жүргізілген талдау, соңғы жылдары құрастырма зауыттардың үстеме бағаларын жыл сайын арттырғанын көрсетеді», - деп атап өтті сарапшылар.

«Made in Kazakhstan» атауымен шығып жатқан ауыл шаруашылық машиналары бағасының динамикасы жалған отандық техниканы нақты оқшаулаудың жоқтығын растайды. Олар шығарған тракторлар мен комбайндардың бағасы доллардың өсуімен қатар жүреді. Мысалы, отандық құрастырылған «Есіл-760» комбайнының бағасы соңғы жылдары 23 миллион теңгеден 60 миллион теңгеге (немесе 252%) дейін көтерілген. Бағаның өсуі ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан және импорттық компоненттер құнының сәйкесінше көтерілуінен туындап отыр.

Тақырып бойынша оқыңыз: Сергей Глокке: Кәдеге жарату алымы фермерлерді таңдау жасаудан айырып отыр​

Кестеден байқағанымыз, отандық құрастыру зауыттарының ауыл шаруашылық техникаларының теңгемен көрсетілген бағалары өсу қарқыны бойынша импорттық техникадан асып кетпесе, оларға жол беріп отырған жоқ. Ал кәдеге жарату алымы халық қалт-құлт етіп күн көріп жатқанда, феодалдардың аузынан ақ май ағызатын шаруалардың өндіріс құралдарына салынатын ортағасырлық салыққа айналып отыр.

 

Бюджетті талан-таражға салу

Отандық машина жасау саласының кәдеге жарату алымынсыз-ақ қуатты мемлекеттік қолдауға ие екенін ескерген дұрыс. Оларға ҚҚС (12%) төлемінен, импорттық баждан (10%) босату түріндегі артықшылықтар, республикалық (25%) және жергілікті (10%) бюджеттерден инвестициялық субсидиялар, «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы жеңілдетілген лизинг, ӘКК және басқа қорлар желілері арқылы жеңілдетілген несие берілген.

Тақырып бойынша оқыңыз: АҚШ елшісі: техникаға салынатын төлем ауыл шаруашылығы секторындағы шетелдік инвестицияларға қауіп төндіреді​

Алайда кез-келген артықшылық отандық АӨК қолдау шығындарын азайту құралына емес, керісінше зауыт иелерінің табысын барынша арттыру құралына айналып отыр. Бұл бюджет қаражатын талан-таражға салудан басқа ештеңе емес.

2017 жылда орын алған жағдайдан біраз нәрсені түсінуге болады. Сол кезде құрастыру зауыттарының сұранысы бойынша импортталған комбайндар мен тракторларға ҚҚС енгізіліп, жергілікті құрастыру зауыттары ҚҚС-тан босатылған болатын. Алайда ауыл шаруашылық техникаларының бірде-бірінің бағасы 12 пайызға төмендеген емес. Керісінше баға бұрынғысынша қалу тұрмақ, өсе бастады.

Бұл кәдеге жарату алымы толық енгізілгеннен кейін барлық жерде баға өсетінін көрсетіп отыр. Ол өсім фермерлер қалтасынан төленбекші. Өндіріс құралдарының құны ауылшаруашылық өнімдері құнының негізгі компоненттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып, сайып келгенде азғана топтың үстеме пайдасын азық-түлік бағасының өсуі арқылы барлық халық төлеуге мәжбүр.

Тақырып бойынша оқыңыз: Мәжіліс депутаттары үкіметке техника қалдықтары үшін төленетін алымды тоқтату туралы өтінішпен жүгінді​

Төмендегі сызба барлығымыздың мойнымызбен көтеруіміз керек болатын қосымша шығындардың деңгейін (және құрастыру өндірістері артықшылықтар арқылы тауып отырған табыс деңгейін) жақсы көрсетіп отыр

Ақша кімге кетіп жатыр

Қазақстанның машина-трактор зауытының тозуы да жағдайды одан сайын шиеленістіреді. Онсыз да төмен жаңарту қарқыны (нормативті 10% орнына 1,5%) ауыл шаруашылық техникасы бағасының өсуіне байланысты баяулайды. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйектегі саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру тапсырмасына тікелей қайшы келіп отыр. Неге десеңіз, ескі және аз қуатты тракторлар мен комбайндармен алысқа бармайтынымыз анық.

Тақырып бойынша оқыңыз: Кәдеге жарату алымын енгізу Қазақстан аграрийлерін кетпенмен қалдырмақшы ​

Одан басқа тағы бір тапсырманы – негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуді орындау мүмкін емес. Керісінше, импортқа тәуелділік жыл сайын артып келеді, ол да фермерлердің заманауи тракторлар мен жабдықтар ала алмауының тікелей салдары.

«2019 жылы ауыл шаруашылық техникасына енгізілген кәдеге жарату алымы нарықтағы баға түзілісіне және ауыл шаруашылық техникасының жаңару деңгейіне тым жағымсыз әсер етіп отыр. Биылдың өзінде ауыл шаруашылық техникаларының бағасы 15% астамға өсті. Трактордың бір бірлігіне салынатын бастапқы кәдеге жарату алымы мөлшерлемесі 11 миллион теңгеден асса, ал комбайнның бағасы 12 миллион теңгені құрап отыр,  бұл салықтың түпкілікті тұтынушы, яғни фермердің сатып алу бағасына әсер ететіні анық », - делінген салалық кәсіподақтың Ауыл шаруашылық министріне жазған хатында.

Бұл тығырықтан шығудың бір-ақ жолы бар, ол кәдеге жарату алымынан толық бас тарту. Отандық машина жасау саласын фермерлердің қалтасына қол салмай-ақ басқаша қолдаған дұрыс. Салалық кәсіподақтар машина-трактор паркін жаңарту қарқынын жеделдету және еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру жөніндегі тапсырманы орындау үшін, Ауыл шаруашылық министрлігінен ауыл шаруашылық техникалары мен барлық өндірушілердің қосалқы бөлшектеріне импорттық баждар мен ҚҚС-тан бас тартуды, сондай-ақ ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға инвестициялық субсидияның көлемін  қазіргі 25-тен 50 пайызға дейін көтеруге бастамашылық етуді өтінді.

Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстандық фермерлер утилизациялық алымға құрбан болмақшы​

Айтпақшы, салалық кәсіподақтар ауыл шаруашылық машиналарын жасауды мемлекеттік қолдау жүйесінің өзін қатаң бақылауға алуға шақырады. Одан өзге «РОП операторы» жеке компаниясының өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің жағымсыз «аккумуляторының» шотына түсіп жатқан ақшаның қалай жұмсалатынын бақылау қажет.

«Қазіргі уақытта «РОП операторы» ЖШС-ның жиналған қаражатты бөлуі, қайта өңделген техниканың саны туралы қандай да болмасын ақпараттың жоқтығы, компания жұмысының тиімділігіне күмән келтіреді, сондай-ақ Мемлекет басшысының компанияларды қатал қоғамдық бақылауға қатысты тапсырмасына кереғар келеді», - делінген хатта.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.