Қарабалық АШТС-тың тұқымдары ыстыққа төзімді болды

Ағымдағы жылы Қарабалық ауыл шаруашылық станциясында  гектарынан 15 центнерден астық алды. Мұнда егілген тұқымдар бұрын-соңды болмаған ыстық пен құрғақшылыққа төзімді болды, себебі жаңа сұрыпты дәндер қолданылған болатын. Бұл Қазақстанда тұқым шаруашылығы жақсы деңгейде екендігінің дәлелі, келесі мәселе оны тәжірибеге енгізу болып отыр.

Егістіктегі ырымдар

Қостанай облысында көктем мезгілі ерекше ырыммен басталғандай болды. Себебі Шопан әмияны атты арамшөптер барлық жерге шығып кетті. Әдетте бұл өсімдік 8 - 10 жылда бір пайда болады, басқа арамшөптер өнбей тұрып  егістіктерді жасыл кілем болып басып кетеді. Ел ішінде Шопан әмияны атты арамшөптер жаппай шыққан жыл шаруалар үшін өте қиын болады деген ырым бар.

Халық арасындағы ырымды айтпағанның өзінде, бұл арамшөптер көптеген қиындықтар тудырады, себебі оның тамыры өте қатты және топырақтағы бар ылғалды сорып, сіңіріп алады. Көктемгі ылғалды сақтау үшін Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы сәуір айында алқаптарға механикалық өңдеу жүргізіп, гербицидтермен қопсытқан еді.

Тақырыпты оқу: Қостанай облысында астықты еселеп арттыруды ойластыруда

Біз бұл қауіпті арамшөптерден егістік алқаптарды тазаладық, мамыр айында оңтайлы жақсы уақытта тұқым себілді. Оның үстіне, айдың ортасынан бастап жаңбыр жауып тұрды, бірақ жауын-шашын дала жұмыстарын жүргізуге кедергі болмады, керісінше, топырақта ылғалдың қоры жиналып, жазда өте пайдалы болды.

Мөлшердің үштен бірі

Сонымен жаз келді, онымен бірге Шопан әмианының жаман ырымы ауа-райына әсер ете бастағандай болды.

Қарабалық ауыл шаруашылық зауытының директоры Дамир Калдыбаев айтқандай, Қостанай облысында мұндай ыстықтың болғанын қарт адамдардың да есінде сақталмаған. Шілде бойы температура + 35 + 38 градусқа дейін көтерілді. Топырақта бұл 60 градусқа дейін жетті. Жаңбыр жауған соң, оның ылғалы тамырға жетпей, жердің жоғарғы қабатынан бірден буланып кетті. Жалпы, маусым мен шілде айларында ҚАШТС алқаптарында жауын-шашын орташа жылдық норманың 30% -ына ғана түсті.

Суретте: Дамир Калдыбаев, ҚАШТС директоры

- Биыл 2012 жылмен салыстыруға болады, ол кезде күн өте құрғақ және ыстық болды, - деп атап өтті Дамир Қалдыбаев. - Содан кейін станциядағы өнім 12 центнер / га деңгейінде жиналды. Осы маусымда жағдай одан да қиындау болды. Біз үшін бұл жыл сынақ тапсырғандай болды, біз ауыл шаруашылық технологияларын пайдаланып,  ғылыми тәжірибемізді қолдандық. Әйтеуір бұл сынақтан сүрінбей өттік, орташа есеппен 15 ц / га жинадық.

Ең алдымен зерттеуден өткізген тұқымдарымыз көмектесті. Екі жыл бұрын біз дәннің сұрыпын өзгерту процесін бастаған едік, осы маусымда бидай алқабының 50% -ына «Айна» және «Фантазия» жаңа сұрыптарын қолдандық. Алқаптардың екінші жартысына «Қазақстандық ерте піскен» (өткен жылдары шығарылған тұқым) және ресейлік «Омбы 36» ескі сұрыптардың тұқымдары себілді.

Көшбасшы

Ең нашар шыққан тұқым «Омбы 36» сұрпы болды, ол 12 - 13 ц / га өнім берді. «Айна» 16,5 ц / га, «Фантазия» 16 ц / га өнім жиналды. Біз үшін егін алқаптарындағы ең жоғары өнім - 17 - 18 кг / га берген «Қазақстанның ерте пісетін» тұқымы таңқалдырды.

«Бұл біздің жасаған әдісіміздің дұрыстығын білдіреді», - деді Дамир Калдыбаев. - Алдыңғы сұрыптардан артықшылықтары бар, алайда басқаларын да жоққа шығаруға болмайды. Оларды жетілдіру қажет, сондықтан келесі жылы біздің ғалымдар қазақстандық ерте піетін тұқымдарды мемлекеттік сынақтан өткізуге жібереді. Оның артықшылығы - алдыңғы өнімге қарағанда жоғары өнім ғана емес, сонымен қатар астықтың сапасы да жоғары. «Ерте пісетін қазақстандық» тұқым төртінші сұрыпты болып саналады, дегенмен биылғы жылы аптап ыстыққа байланысты үшінші сұрып болды. «Қарабалықтық ерте пісетін»  тұқым тұрақты түрде үшінші сұрып беруі керек.

Екі жылдық мемлекеттік сынақтардан өткізіп, Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы жаңа сұрыптарды өсірумен айналысады. 2023 жылдан бастап тұқымдарды сатылымға шығарады.

Тақырыпты оқу: Қазақстанда күздік бидайдан жақсы өнім жиналуда​

Фермерлердің жаңа сұрыпқа деген сұранысы өте жоғары, осы маусымда мұндай талаптар толық ақталғанын көрсетті. Биылғы маусымда егу үшін «Айна» тұқымын сатып алған шаруа қожалықтары әдетте, егістіктен 12 ц / га өнім алатын. Ал биыл құрғақшылық маусымына қарамастан жақсы өнім жинады. «Айна» сұрпын еккен фермерлер 35 ц / га жинады! Енді барлық шаруашылықтар келесі жылға  осы тұқымды сұрауда, барлығы сапалы тұқым алғылары келеді.

Керемет көрсеткіштер

Айтқандай, Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының өзінде астық жинау кеше, 10 қыркүйекте аяқталды. Бұл да рекорд, өйткені былтыр егін жинау 7 қазанда аяқталған еді.

Біз егін оруды 24 тамызда бастап, 16 күннің ішінде аяқтадық. Әдеттегіден бір ай бұрын бітірдік!

Мұның бәрі машина-тракторларымыздың бәрі жаңа болғанынан. Жаңа комбайндарды қолданудың  арқасында тәуліктік өнім өткен жылы 400 гектардан 600 - 800-ге дейін өсті. Яғни 1,5 - 2 есе. Бұл табысқа жетуіміздің тағы бір факторы, өйткені шаруашылық астықты шашпай-төкпей уақытынды жинап алды.

«Бізде жаздық дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы көлемі 8,5 мың гектарды құрады», - деді Дамир Калдыбаев. - Оның ішінде негізгілері жұмсақ бидай, 6,7 мың га, ал арпа - 1,3 мың га. Біртіндеп қатты бидай, бұршақ, сұлы, ноқат егуге ауысудамыз. Арпа туралы айтатын болсақ, мұнда да жаңа «Великан» деген сұрып егудеміз. Оның өнімділігі 16 - 17 ц / га құрады. Шындығында, селекционерлер оған эфиопиялық сорттардың гендерін араластырған болатын, бұл оны ыстыққа төзімді етті. Бұл қасиет осы жылы пайдалы болды.

Тақырыпты оқу:  Жаздық бидай климатқа бейімделуде

Қарабалық АШТС-тың жасаған бидай, арпа дәнді дақылдарының барлық сұрыптары жақсы шыққаны көңіл қуантады. Табиғаттың тосын сыйларына қарамастан, ауа-райына төзіп, өсіп шықты, ал астықтың күзгі мөлшері жоғары болды.

Ең бастысы келесі жылы станция барлық шаруашылықтарды жоғары өнім беретін жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыз ете алады.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.