«ҚазФосфат» формуласы: аммофос агробизнестің табыстылығын қалай арттырады

Ғаламдық ауа-райының өзгеруі Қазақстан табиғатындағы климатқа да әсер етуде, көктем жылы болып, ал күзде аязды және жауын-шашынды болуда. Бұған синоптиктердің көпжылдық бақылаулары дәлел. Мұндай жағдайларда астықтың ысырап болуынан сақтану үшін егіннің уақытында пісіп-жетілуі өте маңызды, сондықтан оны дер кезінде жинап-теріп алу қажет. Фермерлерде осылай істеудің бірнеше әдістері бар. Бұл үшін тұқымды уақтылы себу, жақсы сұрыптарды таңдау және фосфор тыңайтқыштарын қолдану болып табылады.

Топырақтың нашар болуы

2018 жылдың басында  Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында нақты егіншілік элементтерін енгізу жобасын бастады. Бірінші кезекте олар пилоттық жоба ретінде шаруашылықтардың алқаптарында агрохимиялық талдау жүргізу үшін топыраққа зерттеу жасады. Нәтижесі бойынша, топырақ құрамында фосфордың мөлшері өте төмен екендігін көрсетті, бұл аудандардың 92 - 100% осындай жағдайда болып шықты. Дегенмен пилоттық жоба өткізілетін шаруашылықтар аудандағы ең жақсы алқап болып саналады!

Фосфордың пайдасы көп. Азот және калиймен қатар, ол энергия мен масса алмасу процестеріне  қатысады, өсімдіктердің дамуы үшін маңызды элемент болып табылады. Фосфор фотосинтез процесіне әсер етеді, өсімдіктердің өсуін реттеуге, тамыр жүйесін, бүршіктер мен тұқымдарды қалыптастыруға қатысады.

Егер тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанда фосфор тыңайтқыштарын жаппай қолдану 1980-ші жылдардың ортасынан басталды. 1985-1989 жылдар аралығында Қазақстанның солтүстік облыстарында фосфорлы тыңайтқыштарды қолдану жылына шамамен 500 мың тоннаны құрады (әсер етуші заттар). Осының арқасында Қазақстан егістігінің жартысынан көбі аталған элементпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді.

Алайда, 1990 жылдан бастап дәнді дақылдарға фосфор тыңайтқыштарын қолдану күрт төмендей бастады. Нәтижесінде қазіргі жағдайға дейін түсіп,  егістіктерде фосфорды қолдану 100% - ға азайды.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы тыңайтқыш шығаратын ірі ТОП компаниялар

 А. И. Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев өз зерттеуінде атап өткендей, фосфордың жетіспеушілігі өсімдіктердің дамуына және егіннің қалыптасуына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, фосфор тапшылығын тек тиісті минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы жоюға болады:

«Фосфор тыңайтқыштары астық өнімділігін арттырып қана қоймай, оның сапасын жақсартады, сонымен қатар пісуді тездетеді, сондай-ақ астық жинауды ертерек бастап, күздің қолайлы кезінде жұмысты жүргізуге болады. Құрғақшылыққа төзімділік артып, өсімдіктердің су тұтыну коэффициенті төмендейді, тамыр жүйесінің жақсы дамуы байқалады және өсімдіктерге қоздырғыштардың енуі мен дамуына төзімділігі артады».

Ғалымдар фосфор тыңайтқыштарының экономикалық тиімділігі жоғары екендігін анықтады, препараттың әрбір килограмы қара шірік  және каштан аймақтарында екі есе болады және қосымша 10-15 кг жаздық бидай дәнін алуды қамтамасыз етеді.

 

Аммофостың пайдасы

ҚазАТУ жобасына қатысушыларының бірі Қарағанды облысындағы «Найдоровское» ЖШС болды. Қазір олар көпшілікке таныс төрт жолақты ауыспалы егісті пайдаланады. Жыл сайынғы тыңайтқыштарды себуден басқа, негізгі доза бу алқаптарына енгізіледі.

- Біз зерттеп, талдау жүргіздік - топырақтағы фосфордың мөлшері бір килограмда шамамен 12 миллиграмм болады, - деп түсіндірді Павел Лущак тыңайтқыш таңдау туралы. - Бидай өсіру үшін қолайлы норма 30-35 болып саналады. Яғни, бізде орта есеппен үш есе төмен. Әрине бұл проблема. Неге  жағдай бұлай болуда? Себебі көп жылдар бойы топыраққа ештеңе  қосылған жоқ. Енді біз оны қалпына келтірудеміз. Қоспалардың тапшылығын жан – жақты толтыру қажет,-деді ол.

Біз жаздық дақылдар үшін әр гектарға шамамен 160 кг аммофос енгізіледі. Қыста одан да көп, 200 кг - ға дейін, өйткені олар ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген. Бұл 40-45 кг/га егін алуға мүмкіндік береді.

«Біз буландырусыз жақсы астық ала алмаймыз», - деп түсіндірді Павел Лущак. – Өйткені, фосфорлы тыңайтқыштарды 16 – 18 см. Тереңдікке дейін салуымыз керек. Тіпті 20-24 см –ге дейін салынады. Ал көктемде егу кезінде осындай тереңдікке түскенде барлық ылғалды жоғалтуыңыз мүмкін. Ал күзде жер тым тығыз, бұл да қоспаларды салуға кедергі келтіреді. Сондықтан біз жыл сайын өз алқаптарымыздың төрттен бірін буландыруға қалдырамыз – 20 мың гектардан 5 мың га.болады.

Фосфор тыңайтқыштары астықтың тез пісуіне ықпал етеді. Әрбір шаруашылық өз тәжірибелерінен мұны байқауда, кем дегенде 10-12 күн, ал кейбір жылдары 14 күнге дейін ерте піседі. Сонымен қатар, фосфордың арқасында өсімдіктер көбірек өнім береді, астық сапасы әлдеқайда жоғары болады: дәннің мөлдңрлңгң 4-8% - ға артып,глютеннің мөлшері 2-2, 4% - ға көтеріледі.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қарағандылық еңбеккерлер астық және көкөніс өнімділігін арттырды

Өнімділік жайлы айтар болсақ, 2018 жылы Найдоровскийдегі қатты бидай алқаптары 50 кг/га-дан астам астық берді, тіпті осы 2020 жылы өте құрғақ болған маусымда 23 кг/га астық жиналды, ал облыстағы деңгей бұдан екі есе төмен.

 

Қоспаның тиімділігі

«Найдоровскийде» отандық өндіруші «ҚазФосфат» аммофосы егін алқаптарына пайдаланылады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазфосфат тыңайтқыш өндірісін үш есеге арттыруды жоспарлауда

Айтпақшы, Д. Н.Прянишников атындағы Бүкілресейлік агрохимия ғылыми-зерттеу институты күздік бидай өсіру кезінде аммофос өндірісін, оның ішінде «Қазфосфатты» қолданудың тиімділігіне бағалау жүргізді.

«Өсімдіктер фосфордың болмауына өте сезімтал. Топырақта фосфордың жетіспеушілігімен жапырақтардың түсі қою жасылдан қызғылт түске өзгереді, жапырақтардың мерзімінен бұрын түсуі байқалады, тамыр жүйесі дамымайды. Фосфордың жетіспеушілігінен жеткілікті түрде тамыр жүйесі дамымаған көшеттер мен жас өсімдіктер өсіп, олардың дамуында айтарлықтай баяулауы мүмкін және ол астық өсуінің ерте кезеңінде өте маңызды. Фосфор тапшылығын ерте кезеңде жою қиын. Бұл жағдайда топырақты қажетті мөлшерде минералды фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілуі өте маңызды», - деп атап өтті Д. Н.Прянишникова атындағы БАҒЗИ мамандары.

 

Егістік экологиясы

Ресейде жағдай біздікіне ұқсас-егістік жерлердің көп бөлігіне (58%) фосфор жетпейді. Тұқым 2019 жылдың күзінде себіліп, ал егін 2020 жылдың жазында жиналды. Тәжірибелер екі аймақта- Рязань және Краснодарда жүргізілді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Агротехнология әрбір гектардан $500 алуға мүмкіндік беруде

Егін жинау нәтижелері егістікке фосфор тыңайтқыштарын енгізудің қажет екендігін көрсетті: ұрықтандырылған учаскелердегі бидай дәнінде глютен мөлшері  қосылмаған жермен салыстырғанда 6,7-7,0%-ға, ақуыз 1,1 - 2,4%-ға, тұқым мөлдірлігі 4,2-13,1% - ға, ақуыз мөлшері 44,5-62,4% - ға артты.

 

Бидайдың сапасы және өнімділік мөлшері

Сонымен қатар, «Қазфосфат» аммофосының сапасы тағы да талданды. Егін жинау қорытындысы бойынша БАҒЗИ мамандары атап өтті:

«Аммофоспен жасалған тәжірибе барысында астық өнімділігі жоғары болды, қолданылған тыңайтқыштар өсімдіктердің түрлеріне жақсы әсер етті және оның тиімділігі жоғары екендігі анықталды. «Қазфосфат» аммофосы «ЕвроХим» және «ФосАгро» өндірісінің басқа екі тыңайтқышымен салыстырғанда аз мөлшерде енгізілген болатын, алайда  дақылға да, астық сапасына да зиян келтірілмегені бақыланды, бұл, әрине, экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге экологиялық тұрғыдан да маңызды жағдай болып табылады».

Сергей Буянов

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.