Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Мұқаш Искандиров:Топырақпен жұмыс істеу- өнім алудағы маңызды іс
АГРОКАРАВАН СЕРІКТЕСІ- «ҚАЗФОСФАТ» КОМПАНИЯСЫ
АгроКараван жұмысы жақында басталады, аталған шеру барысында ElDala.kz порталының командасы егіс науқанын бақылау үшін Қазақстанның астықты алты аймағын аралайды. Жобаның серіктестері ауылшаруашылық техникаларын жеткізуші (Ростсельмаш), минералды тыңайтқыштарды шығарушы ("Казфосфат") және жоғары сапалы тұқым сатушы ("Б-Агро") компаниялары болып табылады.
Біз серіктестеріміз жайлы хабарды одан әрі жалғастырамыз және бүгін оқырмандарымызға өндіріс орындары негізінен Жамбыл облысында орналасқан және бүкіл әлемге тыңайтқыш шығаратын, республикадағы ең ірі жеке компаниялардың бірі - «Қазфосфат» ЖШС-жайлы айтатын боламыз.
Пандемияға байланысты экономикалық қиындықтарға қарамастан, Қазфосфат 2019 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемін 18% -ға арттыра отырып, 2020 жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтады,
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы топырағы құнарлы ТОП-12 облыс
Алайда, қазақстандық аграрлық сектормен жұмыс әстеу үшін көптеген жағдай қажет. Оның себебі - отандық фермерлер минералды тыңайтқыштарды қолдануда ғылыми ұсыныстарды орындауға деген ынталары төмен болуда.
Фотода Мұқаш Искандиров
- Егер біз Қазақстанның ауылшаруашылық кәсіпорындарын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жағдайы туралы айтатын болсақ, онда өткен жыл біз үшін әдеттегідей бірқалыпты жыл болды, - деді «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Искандиров. -Біз 2020 жылы 422 мың тонна аммофос өндірген болсақ (бұл фосфат тыңайтқышы), сол көлемнің 97 мың тоннасын ғана елімізге саттық. Бұл шамамен 17%. Қалғанының барлығы экспортқа шығарылды, бірақ біз әрдайым өз өнімдерімізді ішкі нарыққа 100% сатқымыз келетінін үнемі айтудамыз. Себебі тыңайтқыш -бұл отандық өнім. Фосфор тыңайтқыштарының шикізаты - бұл таптырмайтын табиғи байлық, сондықтан отандық ауыл шаруашылығының табысты болуына көмектесіп, туған топырағымызды байыта отырып, өз өнімімізді Қазақстанда қалдырғанымыз дұрыс болар еді.
Әзірге статистикалық мәліметтер көңіл көншітпейді, Қазақстан минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша әлемде соңғы орында тұр. Бұл дақылдардың топырақтан шығарған қоректік заттарының орнын толықтырылмайтындығына әкеледі, бұл топырақтың құнарсыз болуына әсер етеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы тыңайтқыш шығаратын ТОП ірі компания
Қазақстандық фермерлер тарапынан сұраныстың төмен болуының себебі әр түрлі. Бірақ, елде ауылшаруашылық өндірісінің деңгейі де әлі жоғары еместігі де маңызды. Фермерлердің кейбіреуі ғана заманауи, ұтымды тәсілдерді біледі. Сондықтан елдегі орташа өнімділік өте төмен, ал өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі тіпті көрші елдерден де төмен, әлемдік көшбасшылармен салыстыруды айтпағанда.
-Бізге гектарына 7-9 центнерден өнім беретін орташа көрсеткіштерден бас тартатын уақыт келді, - деп атап өтті Мұқаш Искандиров. - Мұндай цифрларды айту Қазақстан үшін өте ұят нәрсе. Жаңа кезеңге көшетін кез келді.
«Қазфосфаттың» ішкі нарықтағы сатылымына оралсақ, 2021 жылғы динамика әлі де жақсы. Атап айтқанда: 2021 жылдың алғашқы 4 айында елде 60,3 мың тонна сатылды (2020 жылдың осы кезеңінде 35,6 мың тонна сатылған еді). Егер сұраныс осылайша жоғары деңгейде бола берсе, фермерлер минералды тыңайтқыштарды күзгі топырақ өңдеу үшін сатып ала беретін болса, онда 2021 жылдың соңына дейін Казфосфат Қазақстанның ішкі нарығында кемінде 30% -ға өсе алады.
-Біздің ойымызша, сату көлемінің артуының негізгі факторы - Қазфосфат минералды тыңайтқыштардың бағасын өткен жылдың деңгейінде ұстап тұруы, - деп түсіндірді Мұқаш Искандиров. - Әлемдік бағалар айтарлықтай өсті. Мысалы, ресейлік аммофос 160 мың теңгеден 260-290 мыңға дейін қымбаттады, ал біз бағаны 140 мың теңге / тонна деңгейінде сақтап тұрмыз.
Сонымен қатар, «Қазфосфат» осы маусымда фермерлерге алдын-ала тыңайтқыштарды алу үшін төлемсіз, кепілдік хаттарымен өнімдерді бере бастады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Әлемдегі тыңайтқыш бағасының өсуі Қазақстанға қалай әсер ететін болады
Сонымен қатар, компания субсидия алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің егістік алқаптарының агрохимиялық картограммаларының болуы туралы талапты кейінге қалдыру туралы шешімінің маңыздылығын атап өтеді. Бұл барлығына минералды тыңайтқыштарды сатып алуға кететін шығынның бір бөлігін өтеу үшін мемлекеттік қолдауға жүгінуге мүмкіндік берді.
Алайда ішкі нарықта тыңайтқыштарды алу әліде болса тұрақты емес. Мысалы, ОҚО 2018 жылы 40 мың тонна, ал 2020 жылы 20 мың тонна алды. Немесе Ақмола облысы 2021 жылдың төрт айында 18,5 мың тонна, ал Қостанай облысы егістік алқаптарына 5 мың тонна сатып алды. Мұндай жағдайда сатылымды болжау қиын. Бұл дегеніміз қазақстандық фермерлердің көпшілігі өз жұмысында мамандардың, ғалымдардың ұсыныстарына сүйенбейтіндігін көрсетеді.
- Тыңайтқышты қолдануда Қазақстанның оңтүстік облыстары - Түркістан, Алматы, менің туған жерім Жамбылда үлкен мүмкіндіктер бар, - деді Мұқаш Искандиров. – Бірақ олардың қолданатын мөлшері мүлдем аз, жылына 3-4 мың тонна фосфат тыңайтқыштарын қосады. Одан шығатын қорытынды қандай болмақ? Нәтижесі кеңестік дәуірдегі әзілдегідей: «Шығынсыз жұмыс істеп – қанша ексек, сонша өнім жинадық болады». Өсімнің қандай да бір динамикасы бар сияқты, егер біз сәуір және мамыр айларында өнімнің барлығын қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне берсек, онда жазда біз сыртқы нарыққа шығуға мәжбүр боламыз.
Жыл соңына дейін Қазфосфат өндірістік қуатын екі есеге арттыруды жоспарлауда. - 2022 жылы 1 млн тонна фосфат тыңайтқыштарын шығаруды болжап отыр. Аграрлық сектордың табысты болуына әсер ететін осы байлықтың барлығы ішкі нарықта сұраныстың жоқтығынан экспортталып, басқа елдерге кететін болса, бұл өкінішті.
Тақырыпқа байланысты оқу: Агротехнология әр гектардан $500 табуға қалай көмектеседі
АгроКараванды қолдау мәселесі жайлы айтар болсақ, Мұқаш Искандиров егін себу кезеңінен тікелей берілетін репортаждар өте қажет деп санайды. Онда аграрлық технологияларды сақтаудың арқасында шаруа қожалықтарының жоғары өнім алатындығы туралы шынайы көріністер көрсетіледі.
-Біз үшін минералды тыңайтқыштарды бізден сатып алатын компанияларға АгроКараванмен бірге барып, жұмыстарын көру өте қызық болады, - деді Мұқаш Искандиров. - Олардың тыңайтқыштарды қолдануы арқылы жеткен жетістіктерін көретін боламыз. Өйткені, адамдар жетістікке жетудегі минералды тыңайтқыштардың рөлін ескере бермейді. Жоғары өнімді тұқымды немесе озық ауылшаруашылық техникаларын пайдаланудың қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат үнемі айтылады. Бірақ барлық шаруашылық қолдана бермейді, алайда егін жинау жерден басталады емес пе, енді сол жерді күтіп-баптау арқылы ғана жоғары өнімге қол жеткізуге болады.