AgroWorld/FoodExpo 2022

AgroWorld Qazaqstan 2022 және FoodExpo Qazaqstan 2022 дәстүрлі халықаралық көрмелері 2-4 қарашада Алматыда өтеді. Өтетін орны «Атакент» көрме кешені болмақ. Көрмені қазақстандық Iteca компаниясы ұйымдастырады. Іс-шараға Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі және Құс өсірушілер одағы ресми қолдау көрсетеді.

AgroWorld Qazaqstan 2022 ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда көрмеге қатысуды 14 елден 120-дан астам компания растады.

Көрме аясында мал шаруашылығынан бастап суару мәселелеріне дейінгі көптеген тақырыптар бойынша AgriFood Forum 2022 өтеді.

FoodExpo Qazakhstan 2022 - тамақ өнімдері мен сусындарды, жабдықтар мен технологияларды жетекші жеткізушілермен және өндірушілермен іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін «Тамақ өнеркәсібі» Орталық Азия  халықаралық көрмесі.