Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Жемшөп мәселесі тұрақталып келеді. АгроКараван Сүт 2021, 7 күн
Қазақстанның солтүстігіндегі аймақтарда сүт саласы белсенді дамып келе жатыр. Соңғы жылдары бұл өңірлерде мал ұстау үшін қажет заманауи технологиялар бойынша жабдықталған жаңа фермалар пайда болуда. Ал бұл шаруашылықтарға генетикасы жақсы жоғары тұқымды малдар Еуропадан әкелінеді.
Фотода Еркебұлан Мамбетов
Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасы мен «Мустанг Азия» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған АгроКараванның 7 күнінде ElDala.kz порталының командасы Мыңкесер ауылында болды. 1998 жылдан бастап бұл жерде «Мамбетов и К» компаниясы жұмыс істеуде.
Ұзақ уақыт бойы олар тек егін шаруашылығымен айналысып, астық және басқа да дақылдардан жоғары өнім алды. Мал шаруашылығын 2012 жылдан бастап қолға алып, ет бағытын ангус тұқымды малдарды әкелу арқылы дамыта бастады. Ал 2019 жылдың қараша айында сүт фермасы іске қосылды.
- Бізге Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымды республикалық палатасы консультациялық көмек көрсетеді, - деді Мәмбетов және К шыруашылығының бас директоры Еркебұлан Мамбетов.- Біз олармен малды бағалау, жануарларды тіркеу және құжаттарды ресімдеу мәселелерінде бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Палата бізге тұқым жеткізушілермен байланысуда және басқа да маңызды мәселелерді шешуде көмектеседі.
Қазір компанияның сүт-тауар фермасында жалпы 1300 бас мал ұсталады, оның ішінде сауын сиыр саны 600 бас. Қазір тәулігіне бір сиырдан орташа есеппен 22 литр сүт сауылады.
Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымды республикалық палатасының мәліметінше, 2020 жылы «Мәмбетов және К» компаниясы 3 169 тонна сүт өндірген.
Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылы Қазақстандағы ТОП-50 сүт өндірушілер
Симменталь тұқымды сиырлар таңдалды, себебі олардан жақсы мөлшерде тұрақты түрде сүт алуға болады және ветеринарлық мәселеде голштин тұқымына қарағанда аз қиындық туғызады.
Сүт жобасы жайлы айтпастан бұрын біз малды қарап ұстау технологиясын мұқият зерттедік, - деп түсіндірді Еркебұлан Мәмбетов. – Бізде сүт сауу саласында тәжірибеміз болмағандықтан симменталь тұқымын таңдадыө. Ал симменталь сиырларды асырау голштиндермен салыстырғанда әлдеқайда оңайлау. Ұрғашы симменталь тұқымды біз Германиядан әкелдік. Етті мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру тәжірибеміз болғандықтан симменталь тұқымын қолдан өзіміз ұрықтандырып, төл алдық. Қазіргі кезде біз жоспарлаған көрсеткіштерімізге қол жеткіздік, тәулігіне ферма 12 тоннадан астам сүт алады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Симменталь vs Голштин тұқымды сиырлар. АгроКараван Сүт 2021, 5 күн
Компанияда сүтін өңдейтін өндіріс әзірге жоқ, сондықтан жиналған сүт «Молсервис» және Euromilk зауыттарына жіберіледі. Сүт сауатын залда сыйымдылығы 2x14 көлемдегі неміс фирмасының GEA атты «шырша» тәрізді құрылғысы орнатылған. Бұл цех Dairy Plan атты жұмысты басқарудың сандық бағдарламасымен жабдықталған. Малға азық беруді техника арқылы басқару үшін жеке жануарлардың әрбір тобына азық тиеу мен таратуды бақылайтын TFM Tracker бағдарламасы пайдаланылады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Малға азық беру сүт фермасының тиімділігін қалай арттырады
- Ферманы салу құрылысымен қатар, біз Buschhoff компаниясының жем цехын да іске қостық, - деді Еркебұлан Мәмбетов. Бұл жем дайындау кезінде сиырларға қажетті микро және макроэлементтермен қоректену үшін түрлі қоспалар қосуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта біз Biotek компаниясымен бірлесіп, жұмыс істейміз, олар бізге дұрыс құрастырылған мал азығын жасауға көмектеседі.
Сонымен қатар, фермада сиырлардың қозғалысын және жем жеуін бақылау үшін AfiTouch бағдарламасы қолданылады. Қазіргі кезде ұрықтандыру екі тұқыммен жүргізіледі, бұқаларды бордақыламаймыз, оларды арнайы мал бордақылайтын орындарға сатамыз. Бұл тиімді, себебі бұл жағдайда әрбір бұқа үшін мемлекеттен субсидиялар төленеді. Алайда, болашақта бұқаларды өз фермамызда ұстап, өсіру және бордақылау жоспарлануда, қазір ол үшін қосымша жаңадан ферма салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Терең төселетін тент технологиясы пайдаланылады.
Симменталь тұқымды сиырлар тез семіреді, 12 – 14 айда олардың салмағы 400-450 кг жетеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Барлық мәселе малдың азығына байланысты. АгроКараван Сүт 2021, 4 күн
Компанияның өзінің өсіретін жем-шөбі бар және малды сою кондициясына дейін жеткізу ешқандай да қиындық тудырмайды.
- Мал шаруашылығындағы ең басты сала жемшөпті шаруашылықтың өзінің өсіріп, табуы қажет деген талап- бұл шынайы ақиқат, - деп атап өтті Еркебұлан Мәмбетов. - Жалпы біздің ауыл шаруашылығы кәсіпорнына шамамен 30 мың га ауыл шаруашылығы алқабы бекітілді, оның шамамен 22 мың гектарына дақылдарды егеміз. Оның ішінде, шабындыққа біз 2000 гектарға бір жылдық шөп, 1800 гектарға көп жылдық шөп, 500 гектарға сүрлем өсіреміз. Осылайша біз өзіміздегі малды азықпен қамтамасыз етеміз. Биылғы маусымда ауа райы біз үшін қолайлы болмай тұр, жаз айларында алғашқы жаңбыр осыдан екі-үш күн бұрын болған еді. Көп жылдық шөптерді алғашқы шабуды біз осы уақытқа дейін аяқтап қойдық, өткен жылдан 40% төмен өнім алдық. Яғни, көп жылдық шөптер бойынша біз 10 ц/га алдық, ал өткен жылы 18 ц/га болған еді. Бірақ осы соңғы жауын-шашын бір жылдық шөптердің өнімділігіне көбірек әсер етеді деп үміттенеміз, көп жылдық шөптерден ала алмаған өнімді осы шөптен жинаймыз деген ойдамыз. Сондықтан, шабындық мәселесіндегі қазіргі жағдайды мен күрделі де қиын деп бағаламас едім. Бізге өз сиырларымыздың табынын шөппен қамтамасыз ету үшін жылына 3,5 мың тонна керек, оған қоса жергілікті халық үшін тағы 1,5 мың тонна қажет. Яғни, біздің қажеттілігіміз 5 мың тонна. Бұл көлемнің 2,5 мың тоннасы бар, қалған бөлігін дайындап үлгереміз.
Қазір «Мамбетов және К» шаруашылығындағы бригадалары қолайсыз аймақтарда жұмыс істеуде, атап айтқанда - бұл ормандардың іші, көлдің жағасы және тағы да басқа аймақтар. Ол жерде шөп өте жақсы өседі. Қысқа шөп дайындау жалғасуда. Ең бастысы - жұмыс істеу керек және барлық қиындықтарды еңсеруге болады.
ЖОБАНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ
ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ СҮТТЫ ЖӘНЕ АРАЛАС ТҰҚЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ