АШМ маусым айында сыбайлас жемқорлық деректері болуы мүмкін тәуекелдерге сыртқы талдау жүргізеді

Маусым айында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның бөлімшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу департаменттің бастамасымен бейнеконференция арқылы талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің айтуынша, үстіміздегі жылдың маусым айының басында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг нәтижелері бойынша осы жылдың бірінші тоқсанында Министрлік жемқорлық болуы мүмкін деген  құрылымдар қатарында қалып отыр.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің көпшілігі ауыл шаруашылығы және ветеринарлық бақылау саласында болады. Қылмыстар негізінен фитосанитариялық сертификаттарды, ветеринарлық анықтамаларды берумен, мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға байланысты кездеседі», - деді Бектенов.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров жемқорлықты жою үшін тиімді шаралар қабылдауға баса назар аударуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлайды: егер сіз агроөнеркәсіптік кешендегі сыбайлас жемқорлық фактілерін білетін болсаңыз, ол жағдайларды, ұсыныстарды мына электронды поштаға жіберуіңізге болады.

Aitbaev.1961@mail.ru, n.tolybekov@anticorruption.gob.kz.

Жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын телефон нөмірі Call-орталық 1424.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.