Апелляциялық сот Василий Розиновты ақтады

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розиновтың берген шағымын қайта қарап, кәсіпкерді ақтау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай қаласының №2 сотының 2020 жылғы 2 наурыздағы шешімімен Возилий Розинов Еуразиялық даму банкіне ірі көлемде мүліктік залал келтіргені үшін 2 жылға 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Соттың бірінші үкіміне сәйкес, «Иволга-Холдинг» ЖШС Еуразиялық даму банкінен (ЕДБ) 80 млн. доллар несие алған, бірақ негізгі қарыздың тек 30 млн. долларын және 13,8 млн. доллар үстіндегі пайызын төлеген. Бірінші кезеңдегі соттың пікірінше, несие алу кезінде Розинов банкке басқа қаржы институттарындағы қарызы туралы құжаттарды толық ұсынбау арқылы ЕДБ-ға шынай мәлімет бермеген. Розиновтың сотта түсіндіріп өткеніндей, несиеге алған ақша өндіріске жұмсалған, егін түсімінің аз болғандығына және теңгенің девальвациясына байланысты қарыздың қалған бөлігін қайтара алмаған.

Холдинг басшысының несие алудағы әрекеті заңсыз деп бағаланған.

Ал жаңадан шыққан үкім Василий Розиновтан жазаны алып тастады.

«Розиновтың қылмысы 2011-2013 ж.ж. жасалған және ауыр емес қылмыс тобына жататын болғандықтан,  сонымен қатар одан бері 7 жылдан астам уақыт өтті, сот алқасы қылмыстың мерзімі өткендігіне байланысты оны босатты», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.