Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
QazTrade және Қытай порт корпорациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Qaztrade және Shandong Port Group (SPG) Қытай порт корпорациясы Алматыдағы бизнес-форум барысында ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Құжат Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сауданы дамытуға бағытталған. Бұл туралы ElDala.kz QazTrade баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде біз қазақстандық кәсіпкерлерге Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыруға жәрдемдесетін боламыз. QazTrade өз құзыреті шегінде SPG-нің көліктік - логистикалық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларын қолдауға, сондай-ақ қытай тарапымен сауда және логистика саласында бірлескен зерттеулер жүргізуде ынтымақтасуға ниетті", - деді QazTrade бас директорының орынбасары Айбек Сағынаев.
Бизнес-форумға Алматы облысы әкімдігінің, "ҚТЖ" ҰК" АҚ және ірі отандық логистикалық компаниялардың басшылығы қатысты.
Shandong Port Group (SPG) - жүк айналымы бойынша әлемдегі бірінші порт тобы. Топқа Qingdao Port Group, Rizhao Port Group, Yantai Port Group және Bohai Bay Port Group кіреді. SPG бизнестің 12 сегментінде жұмыс істейді: кеме қатынасы, сауда, логистика, ғылыми-техникалық әзірлемелер, жабдықтар өндірісі және т. б. Топтың 21 ірі порт ауданы, 360-тан астам өндірістік айлақтары және 320 контейнерлік тасымалдау маршруттары бар.