СҚО-да екі сүт зауыты өндірістерін кеңейтеді

Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі сүт зауыты өндірісті кеңейтуде. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің  Facebook парақшасында хабарлады.

Облыс басшысының хабарлауынша,  МАСЛО-ДЕЛ компаниясы желтоқсан айында сүт пен қаймақ өңдейтін жаңа желіні іске қосуды жоспарлап отыр.

«Аталған жобаға салынған инвестиция көлемі 4,8 млрд теңгені құрайды.Осыған орай қосымша 85 жұмыс орнын ашатынымыз көңілге қуаныш ұялатады. Жаңа желі пайдалануға берілген кезде кәсіпорынның қуаттылығы жылына 88 мың тоннадан 120 мың тоннаға дейін өседі», - деп жазды әкім.

Сондай-ақ, облыс басшысының ақпараты бойынша, «Молочный Союз» ЖШС зауытында толық модернизация жүріп жатыр. Мұнда инвестиция көлемі шамамен 4 миллиард теңгені құрайды.

Тақырыпқа байланысты оқу: СҚО аймақты қарақұмық жармасымен толық қамтамасыз етеді

Аталған зауытта ірімшік шығаратын жаңа желі орнату жоспарланып отыр, нәтижесінде кәсіпорынның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна ірімшік өндіретін болады. Бұл аймақтағы ірімшікке деген қажеттілікті толығымен жабады және өнім экспортқа шығарылатын болады.

«Жалпы, облыста соңғы үш жылда сүт өнімдерінің номенклатурасы 98-ден 150-ге дейін кеңейтілді. Мен облысымыздағы өндірушілерге сенемін және оларға жан-жақты қолдау көрсетуге әрқашан дайынмын!», - деп қорытындылады ойын Құмар Ақсақалов.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.