Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Достық станциясында жаңа терминал салынады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «ETT Dostyk» ЖШС қазан айында Достық станциясында терминал салу жайлы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Терминалды іске қосу 2023 жылы жоспарланған. Бастапқы кезеңде жылына 150 мың контейнерді ауыстырып тиеу жұмысы іске қослады. Жүк тасымалының көлемі өскен сайын терминалдың мүмкіндіктерін жылына 200 мың контейнерге дейін арттыруға мүмкіндік болады», - деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл «Достық» станциясын салу және «Достық-Мойынты» учаскесін модернизациялау жұмыстары ҚТЖ –ның іске асырған екінші жобасы екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытудың негізгі жобасы болып табылады.
ҚТЖ ҰК Қазақстан аумағы арқылы Еуропа - Азия бағытында трансконтинентальды транзиттік жүк ағындарына жол ашу үшін Достық станциясын дамытуға үлкен көңіл бөледі.
Бұған дейін ҚТЖ ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушыларға контейнерлік тасымалдауды қолдануды ұсынған болатын.