Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы дағдарысқа қарсы шараларға 55,4 млрд. теңге жұмсады

Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында өткен жылы Ауыл шаруашылық министрлігіне фермерлерді қолдау үшін республикалық бюджеттен 60 млрд. теңге бөлінді. Түзетулер енгізіліп, қаражат қайта қарастырылып, 55,4 млрд теңге берілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебінде айтылды.

Министрліктің мәліметінше, өсімдік шаруашылығын дамытуға қосымша 11,0 миллиард теңге, оның ішінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2,5 миллиард теңге, тыңайтқыштарды субсидиялауға 2,8 миллиард теңге, пестицидтерге 5,6 миллиард теңге бөлінді.

«Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру бойынша бөлінген қаражат шамамен 30,7 мың тонна элиталық тұқым және 1 репродукциялы тұқымдарды алуға және 14,8 мың бірінші  ұрпақты будан тұқымдарының себу қондырғыларын алуға, сондай-ақ 729,6 мың дана элиталық көшеттерді қосымша субсидиялауға мүмкіндік берді», - деп көрсетілді Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

Сонымен қатар, 57,6 мың тонна тыңайтқыштар мен 3,8 миллион литр пестицидтер қосымша субсидияланды.

Тақырыпқа байланысты оқу: Ерік Сұлтанқұлов: Субсидия бөлінбесе шағын  фермерлер бәсекелесе алмайды

Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға, өнімділікті және өнім сапасын арттыруға 10,5 млрд. теңге жұмсалды.

Инвестицияны субсидиялауға 112,3 млрд теңге бөлінді, оның 32,1 млрд теңгесі дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінді.

Несие алуда пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 37,7 миллиард теңге бөлінді, оның 1,5 млрд. теңгесі дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінді.

Ауыл шаруашылық субъектілерінің несиелерін кепілдендіру және сақтандыру бойынша субсидиялауға 0,2 млрд.теңге жұмсалды.

Барлық бағыттар бойынша бөлінген қаражат толығымен игерілді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.