ҚР-да тыңайтқыштар сатып алу үшін алдын-ала субсидия беру енгізіледі

Қазақстанда соңғы 5 жылда егістік жердегі гумустың мөлшері орта есеппен 6,4% -ға төмендеп кетті. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін фермерлердің тыңайтқыштарды пайдалану үшін қосымша шаралар дайындалуда. Бұл туралы бүгін Азия агрохимиялық форумында ҚР АШМ Агротехнология және агрохимия департаментінің бастығы Динара Ашимова хабарлады.

«2022 - 2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа ұлттық жобасы бойынша фермерлерге отандық тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия беру  қарастырылған. Бөлінетін қаражат отандық тыңайтқыш өндірушіге арналған арнайы шотқа аударылады, ал фермер шығынның 50% -ын ғана төлеуі керек. Бұл көмек отандық тыңайтқыш өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді», - деді Динара Ашимова.

Аталған департамен басшысы жақын арада әкімдіктер осы жылға арналған тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдер қабылдауды бастайтынын атап өтті.

Тақырыпқа байланысты оқуСубсидия алуда картограмма талап ету туралы ереже әлі өз күшінде

АШМ хабарлаған мәліметтер бойынша, ҚР-да топырақ құнарлылғын ұстап тұру үшін жыл сайын жерге 600 мыңға жуық тыңайтқыш енгізу қажет. Сонымен бірге, ғылыми негізделген нормаларға сәйкес, топырақ құнарлығы сақталып қана қоймай, сонымен қатар жоғарылайды, белсенді затқа шамамен 1 млн тонна тыңайтқыш енгізу қажет. Оның ішінде азотты тыңайтқыш- 46%, фосфор - 53% және калий тыңайтқыштары - 1% болады.

Сатып алуда тыңайтқыштардың құнын төмендету үшін бөлінетін субсидия мөлшері  жыл сайын артып келеді. 2012 - 2013 жылдары субсидия көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрады, ал биыл бұл салаға облыстардың жергілікті бюджеттерінен 26,1 млрд теңге қарастырылған. Субсидияланған тыңайтқыштардың көлемі 2013 жылы 200 мың тоннадан 2020 жылы 533 мың тоннаға дейін өсті.

«Бірақ жасалып жатқан қолдауларға қарамастан, тыңайтқыш енгізу көлемі әлі де болса аз болып отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 600 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, оның 89% субсидияланды. Бұл қажеттіліктің 23% құрайды», - деді Динара Ашимова.

Осы саладағы тағы бір мәселе ол фермерлердің сатып алуға жағдайлары келмейтіндігі, тыңайтқыштардың қымбат болуы, отандық минералды тыңайтқыштардың түрі аз жасалуы және маусым кезінде фермерлердің дер кезінде қол жеткізе алмауы болып отыр.

Тақырыпқа байланысты оқуӘлемде бағаның өсуі Қазақстандағы тыңайтқыш құнына қалай әсер етеді

Соңғы жылдары тыңайтқыштарды қолдану бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көшбасшы болып келеді, мұнда 135 мың тонна немесе республикалық көлемнің төрттен бірі қолданылады. Сондай-ақ, тыңайтқыштарды пайдаланудың артуы 71 мың тонна енгізген Қостанай облысында байқалады. Бұл аймақтағы өсім 2019 жылға қарай 34% құрады.

Қазіргі таңда отандық өндірістер тыңайтқышқа деген сұраныстың шамамен 40% қамтамасыз етіп отыр, ал қазақстандық зауыттардың жылдық қуаты -60% .ИИДМ мәліметтері бойынша, Қазақстанда тыңайтқыш шығаратын 2 ірі және 14 шағын зауыт бар.

«Тыңайтқыштардың көптеген түрлері қолданыла бастағандықтан біз отандық өндірушілерге шығаратын өнім түрлерін арттыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, тыңайтқыштарды жеткізетін логистикалық тізбекті дұрыс қалыптастыру қажет екендігін ескертеміз», - деп атап өтті өз сөзінде Динара Ашимова.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.