ҚХР бағытындағы ауыл шаруашылық өнімдері тиелген 2 мың вагон Қазақстанда жылжымай тұр

Қытай елі вагондарды Достық станциясы арқылы тиеуге конвенциялық тыйым салғаннан кейін, Қазақстанда шекарадан өте алмай тұрған жүк вагондарының саны 4 мыңға азайды. Алайда ауыл шаруашылық өнімдері бар жабық вагондар әлі де қозғалмауда. Бұл туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясы хабарлады.

«14 наурыздағы мәлімет бойынша Достық - Алашанькоу бағытында тапжылмай тұрған (уақытша қозғалыссыз қалған) вагондар саны 12 мыңнан 8 мыңға дейін азайды. Бұл жүк жөнелтушілердің бастамасымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС енгізген Достық-Алашанькоу бағытында жүктерді тиеуге уақытша конвенцияға тыйым салудың арқасында мүмкін болды. Дегенмен азық-түлік жүктері тиелген жабық вагондарды қабылдау мәселесі әліде шешімін таппай сол күйінде қалып отыр. Қытай тарапы көліктерді қабылдамай жатыр. 2 мыңға жуық вагон тұр», - деп хабарлады компания.

Тақырыпқа байланысты оқу: Есіміов ҚХР шекарасында қозғалмай тұрған вагондар туралы мәселені шешуге араласты

Сонымен қатар тауарларды Достық бағытында экспорттауға салынған тыйымның мерзімі бүгін аяқталады. Барлық астық жүктерін жабық вагондармен және астық тасымалдайтын көліктермен әкетуге қойылған тыйым 20 наурызға дейін болатын, ал жүктердің транзиті бойынша 31 наурызға дейін енгізілген еді.

Жүктерді ҚХР-ға жеткізуді тездету үшін ҚТЖ-Жүк тасымалы контейнерлік тасымалдауды қолдануды ұсынады. Контейнерлерді пайдалану жүктерді өытайлық тар темір жолға ауыстырып әуре болудан сақтайды және мұндай жүкті қабылдау ҚХР-да әдеттегідей режимде жүзеге асырылады.

«Қытаймен шекарада жабық вагондар мен астық тасымалдаушы көліктердің  қозғалыссыз тұруына байланысты біз астықты (арпа, зығыр тұқымын) контейнерге тиеуге көштік», - деді Қазақстанның солтүстік аймақтарынан Қытайға ауыл шаруашылық өнімдерін жөнелтетін мекеме қызметкері Нұрлан Омаров. Компания контейнерлермен алғаш рет тасымалдауға дайын.

Контейнерлік тасымалдау әдісін дамыту мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүк тасымалдау үшін барлық бекеттердің кіре берісінде контейнерлерді тиеуге және түсіруге рұқсат берген болатын.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.