Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚХР шекарада тұрып қалған жүктерге қатысты Қазақстан мәлімдемесіне жауап қатты
«ҚТЖ» ұлттық компаниясы шекарада тұрған вагондардың кешігуі туралы хабарламасына Қытай теміржолдары бас директорының орынбасары Ли Вэньсин қол қойып ресми түрде жауап берді. Ол қазақстандық серіктестердің Алашанькоу және Қорғас станцияларында 2020 жылдың қараша айынан бастап коронавирустың алдын алу үшін жасалып жатқан шараларды түсіністікпен қарауға шақырды.
Қазақстаннан жеткізілетін астық вагондарын қабылдауды тездету туралы хабарламаға жауап бере отырып, Ли Вэнсин жауапты бөлімшелер мен Үрімші теміржолына өз іс-әрекеттерін шекарадағы жергілікті үкіметпен мәселені шешу үшін бірлесе істеу және тиімді шаралар қабылдау тапсырылғанын айтты, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Есімов ҚХР шекарасында жүктердің тұрып қалу мәселесін шешуге араласты
«Қазіргі таңда аталған шекара бекетінде шағын жабық вагодардағы жүктер түсірілуде және одан әрі жасалатын іс әрекеттер қарастырылатын болады. Қазақстандағы көлік құралдарын дезинфекциялау жайлы ұсыныстарыңызға, шекарадан кедерісіз өткізіп жатқандарыңызға рахмет. Үрімші теміржол корпорациясы қажетті жұмыстарды орындау үшін жергілікті билікпен белсенді түрде ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады», - деп жазылған хатта.