Қазақстан БАӘ-мен бірлесіп АӨК-ті қаржыландыру үшін $100 млн қаражат салады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында екі ел экономикасының түрлі салаларында жалпы құны $2,2 млрд болатын 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімшарттарға қол қойды. Аталған жобалардың бір бөлігі аграрлық секторды қамтиды. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған келісімдер бойынша құс фабрикалары мен сүт фермаларын салу, жемістер мен саңырауқұлақтарды өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобалар жүзеге асырылатын болады.

«Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан мен БАӘ жалпы капиталы $100 млн құрайтын бірлескен қор құратын болады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Қазақстан БАӘ-нің азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын іске асыруға қатысады

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстан БАӘ-нің азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын жүзеге  асыруға қатысады

Аталған инвестициялық жобалар ішкі  нарықта және перспективалы сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие болады, қосымша құны мен рентабельділігі бар жаңа өндіріс орындарын құруды көздейді.

Бұған дейін Қазақстан БАӘ инвесторларына құны $1,5 млрд тұратын ауыл шаруашылық жобаларын ұсынған болатын.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.