АДБ Қазақстандағы экономика саласының негізгі секторы АӨК-ке де қолдау көрсетеді

Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасын COVID-19 қарсы күрес кезінде қолдайтын болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Оның ішінде АӨК-ке де қаражат бөлінеді, себебі ол –экономиканың  басты салаларының бірі болып табылады.

25 наурызда Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов Ұлттық банк өкілдерінің қатысуымен АДБ президенті Асакава Масацугомен келіссөз барысында  шарттар жасасты.

Қазіргі кезде Азия даму банкінің Қазақстанға короновируспен (COVID-19) күресуде өкпені жасанды желдету аппаратын, қорғану маскаларын жеткізу бойынша қайтарымсыз техникалық көмек көрсету мәселесі қарастырылып жатыр.

Аталған келіссөз барысындаталқыланып жатқан мәселелер: жұмыспен қамту, негізгі салалардағы жұмысшыларды қайта оқыту, сондай-ақ еліміздің шикізатқа тәуелділігін азайту мақсатында экономиканы әртараптандыру.

Сонымен қатар  ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология мен электрондық сауда салаларын ілгерілету мақсатында  қолдау көрсету сөз болып отыр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.