Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚТЖ-ЖТ Қытай бағытындағы көліктерді өткізе бастады
2020 жылдың қараша айынан бастап Қытай бағытындағы жабық вагондардың жиналып қалған кептелісі ақыры шешілді. ҚХР шекарада ұзақ уақыт күткен вагондарды қабылдады. Бұл туралы ElDala.kz порталына «ҚТЖ-жүк тасымалы» компаниясы бас директорының орынбасары Қанат Көбесов хабарлады.
«Ұзақ келіссөздерден кейін ҚТЖ Қытай шекарасының жабық вагондарды қабылдауына қол жеткізді. 13 сәуірден бастап Қытай Алашанькоу өткелінде біртіндеп, ал 16 сәуірден бастап Қорғас бекетінде қабылдау басталды. Сонымен қатар, олар жүктерді тез түсіріп, қабылдай бастады», - деді Қанат Көбесов.
Сондай –ақ,20 сәуірден бастап Қытай күніне жабық 2 вагон қабылдайтындығы туралы хабарлады, ал астық тасымалдайтындар екі күнде бір рет қабылданады.
«Осылайша, олар бүгін жабық вагондарды түгелдей қабылдады», - деді ҚТЖ –ЖТ бас директорының орынбасары.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да қытай шекарасында жүктердің тұрып қалуын форс-мажорлық жағдай деп қаблдады
1 сәуірден бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Қытай елі қабылдамаған вагондарды жүк жөнелтушілерге кері қайтара бастады. Қанат Көбесов атап өткендей, жиналған вагондардың шамамен 50% вагоны кері қайтарылған еді, қалғанын Қытай қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қараша айында ҚХР азық-түлік тиелген жабық вагондарды қабылдауды тоқтатты, бұл коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шараларың күшейтілгендігімен түсіндірілді. Аталған елмен жасалған келіссөздер нәтиже берген жоқ. Бос тұрған вагондар ҚР-дың магистральдық желісінің өткізу қабілетін төмендетіп, температура жоғарылаған сайын жүктерге зақым келу қаупі де туындаған болатын.
Сәуір айының басындағы жағдай бойынша ҚХР бағытындағы 140-тан астам пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылған. 4 айдан астам уақыт 1900 жабық вагон шекарада кезек күтіп тұрды.