Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Үкімет Маңғыстаулық мал өсірушілерге тағы да көмек береді
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Өңір әкімі Серікбай Трумов құрғақшылықтан зардап шеккен аудандардағы мал шаруашылығымен айналысушыларды жемшөппен қамтамасыз ету мәселесі жайлы баяндады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Маңғыстау облысында құрғақшылықтан Маңғыстау, Бейнеу және Қарақия аудандары зардап шекті. Бүгінде мұнда көрші облыстардан - Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан шөп жеткізіліп, сатылуда.
Сонымен қоса, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК АҚ-пен жасалған келісім бойынша 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, ол фермерлерге нарықтық бағадан төмен сатылды.
Сондай-ақ, өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жүргізуде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Маңғыстау әкімі аймаққа әкелінетін мал азығына субсидия бөлуді сұрауда
ҚР Үкіметі саулық малға арналған азық шығындарын ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді. Енді, премьер-министрдің тапсырмасы бойынша, арзан бағамен 114,7 мың тонна көлемінде дайындалған пішенді сатып алу және шаруашылықтарға жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыру мә»селесі шешілуде. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы арқылы 56,3 мың тонна мөлшерінде жемшөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, ресми мәліметтерге сәйкес,Маңғыстау облысында құрғақшылық салдарынан 1147 бас мал қырылды. Бұдан басқа, жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемшөп мәселесі қиындай түсті. Сарапшылардың пікірінше, мал азығының жетіспеушілігі мен құнының жоғары болуы күзде фермерлердің жаппай мал өткізе бастауына әкелуі мүмкін.
Мал азығына қатысты жағдай Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың отставкаға кетуіне себеп болды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қазақстаннан басқа елдерге мал азығын шығаруға тыйым салуды тапсырды.