Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
АӨК Мемлекеттік инспекциясының автокөлігі арнайы сигналдармен жабдықталады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті бөлімшелерінің көліктерін арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтап, жедел және арнайы қызметтердің тізбесіне енгізуді жоспарлап отыр. Үкімет қаулысының тиісті жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
Аталған қаулы жобасына сәйкес, АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті бөлімшелерінің көлік құралдарында арнайы графикалық түстері және белгілері мен жазбалары болмауы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаулы жобасына арналған баспасөз хабарламасында өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар тиісті аумақтарда карантиндік фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне уақытылы бақылауды жүзеге асыруы қажет екендігі атап өтілді.
Бақылау жасалатын сырттан келетін импорттық жүктердің көлемi жыл сайын артып келедi, бұл карантиндiк объектiлер мен бөтен өнімдер түрлерінің шекарадан өту ықтималдығын арттырады. Жыл сайын Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен өсімдік өнімдері импортталады.
Бүгінде Қазақстанда 14 карантиндік нысан және 12 аса қауіпті зиянды организм тіркелген. Шегірткеден қорғану шараларын жүзеге асыру және карантиндік нысандарды оқшаулау және жою үшін республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 2-3 млрд теңге бөлінеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Түркістандық үш жылыжай қызанақтарына вирус жұққандықтан тәркіленді
Аудандық және ауылдық округтегі мемлекеттік инспекторлар бақылау жүргізуде. Бұл қызметкерлер химиялық өңдеу жүргізуді және барлық тиісті жағдайды қадағалайды, сонымен қатар бекеттерде фитосанитарлық бақылау жасайды, басқа елдерден әкелінетін өсімдіктердің үлгісін алып тексеру жасайды.
Бір мемлекеттік инспектордың қарамағында 12 ауылдық округ бар, ал әрбір мекемеде 1-ден 5 –ке дейін элеваторлар мен шаруашылықтар кіреді, ауылдық округтердің ара қашықтығы 50-ден 120 км шақырымға дейін жетеді.
Жұмыс күндері мен демалыс күндері мемлекеттік инспекторларға жұмыс істеулері үшін арнайы көліктер қажет. Бұл көліктерде алынған өсімдіктердің үлгілерін немесе энтомологиялық нысанды зертханаға жеткізу үшін мұздатқыш, арнайы сөмке болуы тиіс (мұнда: көзілдірік БЛ-2-1 (лупа), эксгаустер, респиратор, жәндіктерді салатын контейнерлер, морилка, пробирка,пышақ, кювет, балта, қалақ, шам, комбинезон, пломба салатын құрылғы, скальпель, пинцеттер және т.б. заттар болуы тиіс), зерттеу жүргізуге керекті құралдар, саты, қорғанатын жеке заттар, портативті микроскоп бар зертхана жабдықтары, техникалық таразы, ылғалдылықты өлшейтін құрал, термопринтер бар планшет болуы қажет.