Kusto Group коронавируспен күресу шараларына көмек ретінде 1 млрд теңге бөлді

Kusto Group халықаралық компаниясы  пандемиия кезінде қолдау көрсету мақсатында #KustoHelp қайырымдылық жобасы Қазақстанға  1 млрд теңге бөлгенін хабарлады. Бұл ақпаратты компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Kusto Group халықаралық компаниясы халықтың зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету мақсатында келесідей бағыттарға қаражат бөлді:

  • Қазақстан Республикасы аймағындағы облыс және қалалардың әкімдіктері және волонтерлік ұйымдар арқылы көп балалы отбасыларды, халықтың аз қамтылған және зардап шеккен топтарына атаулы материалдық көмек көрсету және азық-түлік тағамдарын жеткізеді.
  • Медицина қызметкерлеріне індетпен күресуде оларға керекті жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсетеді.
  • Мұқтаж жандарға қолдау көрсету үшін түрлі қайырымдылық қорларымен ынтымақтастықта  жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар компанияның бөлімдері орналасқан елдерге де көмек көрсетілетін болады.

«Әлемде және біздің елімізде коронавирустың  таралу деңгейі өсуде, өкінішке орай, індеттпен ауырып көз жұмғандар саны көптеп тіркелген. Біз осы аурудан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қазақстандық медицина қызметкерлеріне және пандемияға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүрген азаматтарға  үлкен алғысымызды білдіреміз. Ел басшылығы COVID-19 таралуының алдын алу шараларын дер кезінде орындап, сауатты іс-әрекеттер жасады, әйтпесе зиян шеккендер саны тым көп болатын еді. Сонымен бірге, пандемияға қарсы күрес кезіндегі карантин мен іс- шаралар біздің еліміздің халқы мен экономикасына елеулі әсер етуде. Қазіргі кездегі ауруға байланысты туындаған дағдарыс бәрімізге әсер етпей қоймайды. Алайда осындай ел басына күн туған заманда бүкіл халық бірігіп, мейірімділік танытып, көмек көрсетуіміз керек. Дер кезінде қажетті көмек көрсету және бір-бірімізді қолдау арқылы біз осы дағдарыстан шығып, ауруды жеңе аламыз. Барлығымыз бірге бар қиындықты жеңіп, одан әрі мықты  боламыз», — деді Kusto Group компаниясының негізін қалаушы Еркін Тәтішев.

Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.