Тоқаев Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп экспорттауды ұсынды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI Шығыс экономикалық форумының отырысында сөйлеген сөзінде жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кооперацияның маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Ресейге АӨК өнімдерін сыртқы нарыққа бірлесіп шығару үшін бірігуді ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан мен Ресейдің салалық ведомстволары ауыл шаруашылығы өнімдерін үшінші елдердің нарығына шығару мақсатында күш-жігерді біріктіріп жұмсау мүмкіндігін қарастыра алар еді. Қазақстан Қытаймен ҚХР-ға экспорттау үшін азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасын кеңейту мәселесі бойынша жұмыс істеуде. Өнімді жеткізу саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық транзиттік-көлік саласындағы табысты жұмысы кооперацияның тағы бір жақсы мысалы бола алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті мұқтаждарды сапалы және арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмылуға шақырды, себебі әлемнің жетекші ауыл шаруашылығы елдерінде осындай шаралар жасалатындығын атап өтті.

Тақырыпқа байланысты оқуТоқаев ОА елдеріне аграрлық сауданы ұлғайту шараларын ұсынды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы технологияның дамуына қарамастан әлем қауіпсіздік тұрғысынан әлдеқайда осал болды деген пікірін білдірді.

«Қазақстан Еуразия – «біздің ортақ үйіміз» деген ұстанымды қолдайды. Біз барлық сала бойынша сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз. Керемет құрлығымыздағы мемлекеттер өзара тиімді сауда-саттық пен экономикалық ынтымақтастық арқылы ортақ әрі жарқын болашақ идеясы жолында үлгі боларлық қоғамдастық бола алар еді. Мұндай әдіс өңірлік және жаһандық кооперацияны дамытуға, экономикадағы өсімнің жаңа көздерін қалыптастыруға тың серпін беретіні сөзсіз», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.