Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Етті ең аз тұтынатын өңір-Шымкент
Өткен жылы Қазақстанда ет және ет өнімдерін ең көп тұтынған аймақ- Қарағанды облысы ал аз жейтін өңір- Шымкент болып есептеледі. Сондай-ақ, үшінші Республикалық маңызы бар қала тұрғындары тәттілер, балық және теңіз өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін тұтынуда соңында тұр.
Қазақстанда өткен жылы төрт азық -— түлік бойынша тұтыну мөлшері өскен, олар: балық және теңіз өнімдері -— 10,6%, жемістер -— 3,3%, ет және ет өнімдері — 1,3%, жұмыртқа — 0,5%. Бұл ақпаратты ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.
2019 жылы қазақстандықтардың ай сайынғы рационы бойынша орташа алынған мәліметтер мынандай: картоп — 4 кг, 1 — сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — 2,9 кг, сиыр еті — 2 кг, шикі сүт — 1,7 л, айран — 1,4 л, жұмыртқа — 16,2 дана, алма — 1,6 кг, қант — 1,5 кг, күріш — 1,3 кг, макарон өнімдері -— 1 кг, жас немесе салқындатылған балық — 0,7 кг, қара шай — 0,1 кг.
Алайда Қазақстандықтардың азық түлік тұтыну мөлшері әр аймақта әртүрлі екендігін көрсетеді.
Мысалы жан басына шаққандағы нанды тұтыну (ең арзан калориялы тағам) Түркістан облысында (жылына 184,7 кг) жоғары, ал төмен Нұр-Сұлтанда төмен (105,5 кг). Сондай- ақ, Түркістан облысында ең көп көкөніс жейді 110,2 кг, ал Ақтөбе облысында — (61,3 кг) көкөніс тұтынады.
Ет пен ет өнімдеріне келер болсақ, оларды көп мөлшерде тұтынатындар Қарағанды облысы-бір адам жылына 92,2 кг. Аутсайдер ретінде Шымкент 53,1 кг-ға жуық көлемде ет жейді.
Сондай-ақ оңтүстік астана балық және теңіз өнімдерін тұтыну бойынша соңғы орында тұр (20.1 кг көрсеткішімен Солтүстік Қазақстан облысында жылына 6,6 кг); сүт және сүт өнімдерін (Ақмола облысында 314 кг , ал Алматыда 192,8 кг); тәттілерден (Ақмола облысында 51 кг, Алматыда 36,6 кг) тұтынады.
Статистикалық мәлімет бойынша, ауылдық және қалалық халық арасында рацион бойынша үлкен айырмашылық дифференциация байқалады. Ауыл тұрғындары бір ғана көрсеткіш бойынша көш бастап тұр, ол- нанды пайдалануда. Қала тұрғындары жұмыртқа мен жеміс-жидектерді көп жейді, сондай-ақ сүт ішеді. Ет, тәттілер, балық және көкөніс бойынша көрсеткіштер шамамен тең.