Қазақстандық өндірушілер Alibaba.com сайтына шығуда

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» АҚ қазақстандық кәсіпорындарға Alibaba.com халықаралық сауда платформасына шығуға көмек көрсетеді. 2020 жылы «Алтын жеткізуші» аккаунтынан 100 отандық кәсіпорын шығарылды. Компаниялар аталған платформада бизнес жүргізуде жан-жақты қолдау алады, деп хабарлады Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Alibaba.com сайтында 4 мыңнан астам қазақстандық тауарлар: макарон өнімдері, ұн, бал, кондитерлік өнімдер, ет, сусындар, өсімдік майлары, сонымен қатар азық-түлікке жатпайтын тауарлар да бар. Бағдарламаға қатысушылар  $45 млн-ға  экспорттық келісімшарттар жасасты.

«Аталған өнімдерге Қытай, Македония, БАӘ, Оман, ЕАЭО елдері мен Орталық Азиялық сатып алушылар тапсырыс беруде. Alibaba.com платформасы арқылы қазақстандық экспорттаушылар Оңтүстік-Шығыс Азия (тамақ өнімдері), Таяу Шығыс елдеріне өнімдерін сату үшін (бал, ет өнімдері) келіссөздер жүргізуде», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстандық азық-түлік өндірушілер ҚХР-мен $117 млн келісім шарт жасасты

Сауда министрлігі хабарлағандай, жақын уақытта бағдарламаның үшінші кезеңіне іріктеу бастау жоспарланып отыр: 2021 жылы тағы 50 компания Alibaba.com халықаралық сауда платформасына шығатын болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.