Қазақстанда ауылшаруашылық жерлерін сатуға мораторий 5 жылға ұзартылады

Жер реформасы жөніндегі комиссия өзінің кезекті отырысында ауыл шаруашылық жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке беру мәселесін тағы 5 жылға шегеру туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, жерді сатуға арналған мораторий осы жылдың соңында аяқталады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауыл шаруашылық жерлерін адамдардың қатысуынсыз ашық түрде беру тәсілдерін дайындау керек, сондай-ақ елдегі барлық ауылшаруашылық жерлерін түгендеу жүргізу және нарықтағы бағаны ескере отырып, олардың кадастрлық құнын қайта анықтау қажет.Осындай зерттеу жұмыстарынан кейін ғана аталған мәселені жан-жақты түрде қарастыруға болады.

«Түпкілікті шешім қабылдауға біраз уақыт кететіні анық. Асығуға болмайды. Аталған жұмыстарды сапалы орындау және енгізу үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт қажет. Осылайша, қазақстандықтар үшін жеке меншікке мораторийді көздейтін норманың қолданылу мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамын», - деді Ералы Тоғжанов.

Аталған ұсынысты комиссияның барлық мүшесі қолдады.

Тақырыпқа байланысты оқуЖерді мұраға қалдыру керек пе әлде жеке меншікке сату қажет пе?

Жер комиссиясының мүшесі,«Зенченко и К» директоры Геннадий Зенченконың атап айтқанындай, осы бес жыл ішінде жер заңнамасының барлық мәселесі аймақтағы жағдайларға байланысты талқыланады.

«Біз үзілді-кесілді шешім қабылдамауымыз қажет, бақылауымыз керек. Біздің  мемлекетіміз өте үлкен және бүгін біз заңды түрде қабылдайтын сәттер бір аймаққа жарамды, ал екінші аймаққа сәйкес келмейді. Солтүстік Қазақстан үшін 100 га жер дегеніміз не? Ештеңе де емес. Ал халық тығыз орналасқан оңтүстік облыс үшін бұл үлкен алқап. Сондықтан, біз: фермерлеріміз ертеңгі болашағына сенімді болуы үшін дұрыс шешім табуға 5 жыл уақыт жетеді . Біз ортақ келісімге келіп, осындай шешім қабылдадық», - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге Жер комиссиясы бірқатар басқа да шешімдер қабылдады:

  • қазақстандықтарға ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін негізгі шешім болып табылатын жаңа мерзімге жалға беруді ұзартудың басым құқығымен ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігін беру;
  • барлық қазақстандықтар үшін ұзақ мерзімді жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер кадастры деректеріне қолжетімділік жасау;
  • жер қатынастарын цифрландыру мәселелері жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін 2023 жылдан бастап әкімдіктер жанындағы жер комиссияларын тарату;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосалқы жалға беруге тыйым салу бойынша;
  • қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысын қабылдау бойынша;
  • жайылымдық жерлердің жүктемесі туралы өзекті деректерді алу үшін космомониторинг сервисінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз ету бойынша;
  • жергілікті халыққа иорман қоры жерлерін 10 жыл және одан да көп уақыт мал жаю және жем-шөп дайындау үшін пайдалану мүмкіндігін беру, сондай-ақ ауылдық елді мекеннің айналасындағы радиусты халық үшін қоғамдық жайылымдарға енгізу мәселелері бар.

Тақырыпқа байланысты оқуЖерді жалдау мәселесін шешу керек

Ералы Тоғжановтың айтуынша қаралған 20 мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданды. 28 ұсыныс Парламентке және 47 ұсыныс нақты шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі. Жұмыс топтарында күн тәртібінен 18 сұрақ алынып тасталды. Отырыстар ашық өтті және телеарна мен интернетте трансляцияланды. Комиссияның әрбір мүшесі сөз сөйлеуге және өз пікірін айтуға толық құқылы болды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.