Жерді алып сатумен айналысушыларға қарсы шаралар заңнамада көрсетілген

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында  ауылшаруашылық жерлерін пайдалану құқығын мемлекет иелігінен шығару, алыпсатарлыққа әкелмейтіндігі айтылды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.заң жобасын мәжілісте талқылау барысында айтты.

«Алыпсатарлықтың алдын алу үшін заң жобасында шектеулер бар: жер пайдалану құқығын иеліктен шығару бес жылдық жалдау мерзімінен кейін ғана мүмкін болады. Осы бес жыл ішінде уәкілетті органның мониторингі жасалады. Жерді жауапсыз пайдаланған жағдайда оны тәркілеу туралы құжаттар дайындалады», - деді вице-министр.

Тақырыпқа байланысты оқу: Парламент жер туралы заң қабылдады

Вице-министр бұл құқықтың қазіргі кездегі субарендадан өзгешелігін түсіндірді. Егер жерді жалға алушы жасырын түрде жерді жалдайтын болса, онда ол мемлекеттік қолдаудан құр қалады.

«Мұндай жағдайда олар субсидия алмайды, техникалар сатып алу үшін жеңілдетілген шарттармен несие алмайды, өйткені жер учаскесі  оның атына тіркелмеген. Ал жерді пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде алғашқы жер пайдаланушының барлық құқықтары мен міндеттері құжаттарымен бірге жаңадан жалдаушы тұлғаға ауысады. Ол үшін қаулы шығарылып, ол толыққанды жердің иесі болады, оған субсидия да, несие де беріледі», - деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.