Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Алматы облысының бақша өсірушілері карантин салдарынан жақсы өнім ала алмаулары мүмкін
Алматы облысы бау -бақша өсірушілерінің жұмысына карантин кері әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты күз мезгілінде өнім сапасы төмендеп, тауар жетіспеуі мүмкін.
Бұл ақпаратты Алматы облысы бау-бақша қауымдастығы Facebook парақшасында айтты.
«Қазіргі уақытта бізге тұқымдар, қажетті тыңайтқыштар мен СҚА, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар, тамшылай суғару жабдықтары жетіспейді. Кеңестер онлайн түрде немесе телефон арқылы өткізілмейді, себебі ол жерлерге тікелей барып сөйлесу қажет.Облыстың жағдайы туралы айтар болсақ, барлық заттар «контрабандалық» жолмен әкелініп жатыр. Тауар сатушылардың көпшілігінің қоймалары қала аумағында орналасқан. Бау-бақшада басшылардың немесе меншік иесінің болмауына байланысты кәсіпорынды ұрлау және тиісті дәрежеде күтім жасалмауы мүмкін деп ойлаймыз», — деп жазды олар.
Бау-бақша қауымдастығының хабарлауы бойынша, биылғы жылы жүзеге асырылуы тиіс бірнеше ірі жоба орындалмайтын болып тұр. Ал кейбір жұмыстар күзге, тіптен келесі көктемге немесе одан да әрі қалдырылуы мүмкін.
Бағбандар 13 сәуір күні карантин шарасы аяқталып, олар қаладан облысқа және керісінше кіріп шығамыз деп есептеген, алайда карантин сәуір айының соңына дейін ұзартылды.
«Біз қазіргі жағдайда облыс пен қала арасында жүріп тұру үшін барлық адамға бірдей рұқсат берілмейтінін түсінеміз. Бірақ біздің қызметкерлер барлық сақтық шараларын орындайды, оларға санитайзерлер, бетперделер, қолғаптар беріледі. Біздің шартымыз:ауыл шаруашылығы компаниясының немесе жеткізуші компанияның бір өкіліне автомобильмен жүруге рұқсат берілсе дейміз», — деп өтініш білдірді аталған қауымдастық мүшелері.