«Курочка Ряба» компаниясы жемшөп жинау үшін бес комбайн сатып алды

«Курочка Ряба» компаниясы биылғы жылы «Акрос 585» комбайнның бесеуін сатып алды. Бұл жаңалықты «Шаңырақ басқару компаниясы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Максим Божко Facebook парақшасында жариялады.

«@kurochka_ryaba.kz  жаңадан Akros 585 комбайндарын @kaik.kz @ Akmola Region зауытынан алды», - деп жазды М.Божко.

Мекеме аталған жабдықтарды «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС-дан алды. Максим Божко атап өткендей, компания биыл жақсы өнім жинаймыз деп жоспарлауда.

«Қазіргі кезде жаңа техникамен бұршақ жинау үстіндеміз. Содан кейін бидай, соя, арпа мен зығыр жинауға кірісеміз», - деді ол.

Атап айтар болсақ, «Курочка ряба» компаниясы тізбекті өндіріс.Олар мал сою және тауықтарды өсірумен айналысады, ал фабрика өз егістері арқылы құстарды жеммен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның Ақмола облысында  қуаттылығы сағатына 15 тонналық құрама жем шығаратын зауыты бар.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.