Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Казахстанские фермеры создали современную мясную промышленность — Мозер
10 жыл ішінде Қазақстанда заманауи ет өнеркәсібі қалыптасты. Бұл туралы AgriTek/FarmTek Astana 2020 Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер айтты.
Елші –мырза Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың аграрлық салада, атап айтқанда мал шаруашылығында ынтамақтастықта жұмыс істеуінің келешегі зор екендігін атап өтті.
«Біздің екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында бұрыннан байланыс бар, атап айтсақ мал шаруашылығында екіжақты ынтымақтастық нәтижесінде іс-шаралар болған еді. Мысалы, биылғы жылы Солтүстік Дакотаның қатал қысымына қарсы тұра алатын ангус және герефорд ірі қара малының ондаған басы Қазақстан жеріне келгеніне 10 жыл толады. Содан бері қазақстандық кәсіпкерлер мен фермерлер сол мал тұқымын негізге ала отырып, заманауи ет өнеркәсібін құрды", — деді елші.
ElDala.kz –ке берген сұхбатында Уильям Мозер мал шарушылығы республикадағы АӨК-ні дамытуда басты орын алатындығын атап айтты.
"Бірінші орында, әрине, мал шаруашылығы. Өйткені бұл қазақ халқының ежелгі дәстүрімен байланысты. Бірақ, менің ойымша, фермерлерде заманауи техниканың болмауы басты мәселе болып табылады.Қажетті техникалар болған жағдайда ғана, экономиканың осы секторын тез дамытуға мүмкіндік туады», ―деді Уильям Мозер.
АҚШ елшісі Қазақстанның ауыл шаруашылығына байланысты келешектегі әлеуеті жоғары деп санайды. Ол сондай-ақ, ҚР Үкіметінің экономиканы әртараптандыруға, атап айтқанда аграрлық салаға қатысты ұстанымдарды мақұлдағанын айтты.
«Ауыл шаруашылығының дамуы Қазақстан экономикасының өсуіне үлкен әсер етер еді. Қазіргі уақытта үкімет Қазақстан экономикасын әртараптандырудың қажеттілігі туралы көп айтып жатыр», - деді Уильям Мозер.