Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Азық түлік корпорациясы форвардтық сатып алуға өтінім қабылдауды тоқтатты
Азық түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдеріне форвардтық сатып алуға өтінім қабылдауды тоқтатқандығы жайлы хабарлады. Бұл туралы компанияның сайтында жазылды.
«Биылғы жылдың 19 мамырынан 3 маусым аралығында 24,5 млрд.теңгеден астам сомаға ауылшаруашылық өнімдерін форвардты сатып алу үшін өтінімдер келіп түсті. Өңірлердегі ұйымдастыру кеңестері 19,8 млрд.теңгенің өтінімдерін мақұлдады», - деп хабарлады компания.
Осыған байланысты Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардты сатып алу бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды тоқтатты.
Сонымен қатар, өңірлердегі ұйымдастыру кеңестерінің шешімдері бойынша мөлшерден бас тарту, азайту немесе ауылшаруашылық тауар өндірушілердің өздері бас тартқан жағдайда қаражат қалып жатса, өтініштерді қосымша қабылдау туралы тағы да хабарланады.
Естеріңізге сала кетейік, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 365 мың тонна өнімді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен екінші деңгейлі банктердің кепілдігі бойынша сатып алмақшы. Бұл мақсатқа бюджеттен 24,5 миллиард теңге бөлінді.