Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда бидай септориозы таралуы мүмкін
Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізудегі ұсыныстарды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мамандары дайындады. Олар еліміздің ірі астық егетін аймақтар - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары жайлы сөз қозғады.
Тақырыпты оқу: Нақты егіншілікпен айналысу «қара дақ» ауруынан құтқарады
ҚР Ауыл шаруашылығы мәжілісінде ҚазАТУ проректоры Қайрат Айтуғанов ұсыныстарын айтты.
Аталған ұсыныста биылғы маусымдағы температура ерекшеліктері, атмосфералық жауын -шашын мөлшері, өсімдік ауруларының дамуы туралы болжам, ластану, тыңайтқыштарды қолдану және себу мерзімдері туралы ақпарат берілді.
Жалпы алғанда ғалымдар шаруалар үшін қолайлы кезеңдерді атап өтті. Қыста жоғары температура болды, ал жауын-шашын нормадан екі есе көп болуда. Бұл топырақта ылғалдың сақталуына мүмкіндік береді. Мамандардың бағалауы бойынша, ол екі-үш апта бойы өскіндерді дамыту үшін жеткілікті. Алдағы егін сапасы жазда жауын-шашын мөлшеріне байланысты болады.
Тақырыпты оқу: Қаз АТУ ғалымдары өнім шығынын қалай қысқарту керектігін айтты
Сонымен қатар, егін бітік шығу үшін тұқымдардың сұрпы жақсы болуы тиіс.
-Мысалы, Ақмола облысында мынандай бидай сорттарын таңдау ұсынылады: орташа кешірек пісетін-30%, орташа пісетін — 50%, оның ішінде қатты бидай 10% — ға дейін және ерте пісетін-20%. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ұсынылатын дақылдар: арпа, тары, бұршақ және соя сұрыптары бойынша ақпараттар берілді. Агроқұрылымдарға қажетті ақпарат беріліп, тұқым себу нормаларын есептеу әдісі түсіндірілді,- деп атап өтті Қайрат Айтуғанов.
Өкінішке орай, өткен жылғы құрғақшылықтың салдары тұқым сапасына әсер етті: бірқатар өңірлерде олардың нашар өсетіндігі анықталды.
Осыған байланысты ғалымдар өсу стимуляторларын қолдануды ұсынады. ҚазАТУ агрономдары биылғы маусымның басқа да жағымсыз факторларына: қыс қатты аязсыз өтіп, арамшөптердің қаулап өсуі мүмкін. Сонымен қатар, септориоздың және қоңыр тат ауруларының даму қаупі жоғары екендігін айтты. Осыған байланысты аграршыларға гербицидтер және фунгицидтер сатып алу ұсынылды.
Өсімдік өздігінен қорғануы үшін минералды тыңайтқыштарды қолдану көмектеседі. Мамандар жеңіл гидролизденетін азоттың, жылжымалы фосфордың, калийдің және топырақтағы гумустың аз мөлшері болғандықтан түрлі тыңайтқыштарды пайдалану тиімділігі туралы айтты. Нақты егіншілік нормативтеріне сәйкес олардың мөлшерін анықтау әдісі түсіндірілді.
- ҚазАТУ 2019 жылдан бастап «Қазақ-германдық топырақ зертханасының» еуростандарттары бойынша аккредитациядан өткен. Аталған зертхана шетелдік әдістерді қолдана отырып, топыраққа сараптама жүргізеді, деді Қайрат Айтуғанов.
Әр өңірде егіс мерзімі әртүрлі. Егін егуде әр жердің жазғы жауын-шашын көлемі ескеріле отырып ұсынылған. Бірақ, жалпы алғанда, Қазақстанның астық белдеуіне жаппай себу мамыр айының екінші жартысында басталады.
2020 жылғы көктемгі егін егу жұмыстары бойынша ұсыныстарды төмендегі сілтемеден жүктеп алуға болады:
- Ақмола облысы үшін;
- Қостанай облысы үшін;
- Солтүстік Қазақстан облысы үшін:
- Қарағанды облысы үшін.
Сергей Буянов