Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ЕАЭО асыл тұқымды мал өндірушілерге генетикалық сертификаттарды енгізетін болады
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің асыл тұқымды мал өндірушілері үшін генетикалық сертификаттар талап етілетін болады. Аталған ережені 2 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқасы бекітті. Бұл талап Одаққа кіретін мемлекеттердің асыл тұқымды өнімді молекулалық-генетикалық сараптау туралы ережеде айтылған.
ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аталған Ереже генетикалық тестілеуді жүргізетін зертханаларға қойылатын талаптарды анықтайды. Бұл құжат асыл тұқымды малдың шығу тегін растауға керекті ДНК маркерлерінің тізімін көрсетеді. Сонымен қатар, онда генетикалық аурулары жазылады, оларды асыл тұқымды мал екендігін растау үшін тексереді.
Аталған құжат күшіне енгеннен соң, асыл тұқымды мал өсірушілер (бұқа, айғыр, қой, ешкі, қабан, бұғы және түйелер) малдарын ЕАЭО елдері арасында еркін тасып жүре алады. Сондай-ақ бұл малдармен бірге олардың тұқымдары мен эмбриондары генетикалық сертификаттармен бірге болуы керек.
«Халықаралық талаптарға сәйкес жасалған бұл құжат Одақтағы генетикалық сараптама жүргізудің бірыңғай процедурасы арқылы сапасы төмен асыл тұқымды өнімдер мен генетикалық ауруларды анықтап оның көбеюін тоқтатуға, мал шаруашылығы өнімінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар асыл тұқымды малды саудаға шығару кезінде қажет болады», - деді Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша Басқарма мүшесі ( Министр) Артак Камалян.
ЕЭК-те атап айтылғандай, ауыл шаруашылық жануарларды генетикалық тұрғыда зерттеудің негізгі міндеті эмбриональды өлімді тудыратын генетикалық аурулардың таралуын, төлдердің өлім себебін, мал төлдеуінің азаюын, малдардың жасын және басқа да себептерін анықтау және т.б. Сонымен қатар, басты мақсат жануарлардың шығу тегі туралы ақпаратты жазудағы қателіктерді болдырмау, асыл тұқымды малдардың таралу аймағын көрсету болып табылады.