Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда мал жайылмайтын жайылымдық жерлерді алу жоспарлануда
Мәжілістегі Nur Otan фракциясының депутаттарына Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жайылымдық жерлерді беру, бөлу және кері қайтару мәселелерін реттейтін заңнамаға түзетулер дайындау ұсынылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен Партиялық бақылау комитетінің (ПБК) отырысынан кейін партияның баспасөз қызметі хабарлады.
ПБК -інің ұсынысы бойынша егер жайылымда бір жыл ішінде мал жайылмаса немесе аталған жерге жайылуы тиіс мал санының 40% -ынан төмен болған жағдайда заңнамада ескеріліп, жерді алып қою қарастырылатын болады.
Сонымен қатар партия мүшелері жайылымды пайдалану жоспарлары мен оны ауыстыру жоспарларын бекіту және келісудің жаңа тәртібін енгізу керек деді. Жайылымды қолдану мерзімін қазіргі 2 жылдан 5 жылға дейін ұзарту қажет деп санайды. Мысалы, жергілікті басқару органдары жайылымдарды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауға көбірек қатысулары керек деді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының 41,5% -ы ауылды жерлерде тұрады. Ал жеке шаруа қожалықтарында қазіргі кезде фермаларға қарағанда екі есе көп малдары бар. Яғни 6,7 млн және 3,2 млн бас мал болып есептеледі. Ауылдық шаруа қожалықтары ішкі нарықтағы сүттің 74,5% және еттің 56% өндіреді.
Мәжіліс депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтың атап айтқанындай, малдың шамамен 80% елді мекендерде және ауылдың айналасында жайылып жүреді, сондықтан, ауылдардан 5-6 шақырым радиуста жайылымдық жерлер әбден тозып кеткен. Олардың көлемі 20,9 миллион гектарға жетеді. Сонымен қатар ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 73,4 млн. га жер беріліп, бекітілген, яғни резервте 47,1 млн. га. жер бар.
«Қазіргі уақытта елді мекендерде жайылымдық жерлердің жетіспеуі Ақтөбе қаласынан басқа барлық аудандарда байқалады. Алайда, барлық жердегі ірі фермалар жайылымдармен қамтамасыз етілген, алайда олардың жартысы пайдаланылмайды. Ал бұл бос жатқан жер қарапайым шаруашылығы бар ауыл тұрғындары үшін ауадай қажет, себебі олар малдан сүт сауып, ет алып, оны сатып күн көріп отыр емес пе?», - деді Нұржан Әшімбетов.
Nur Otan фракциясының депутаттары 2017 жылы шыққан «Жайылым туралы» Заңды әзірлеген болатын. Онда әр ауылдық округтер жергілікті климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, мал жаюдың тиісті жағдайына қарай жайылымдарды пайдаланудың өзіндік жоспарын дайындау талап етілген. Одан әрі қарай аталған жоспарды аудандық мәслихатта бекітіп, әділет органдарында тіркеледі.
«Аталған Заңда мемлекет меншігіндегі ауылдық жерде орналасқан жайылымдар жергілікті тұрғындардың аналық (сүтті) малды бағу үшін беріледі деп нақты жазылған. Ал іс жүзінде қалай болып жатыр? Жергілікті әкімдіктер жерді шаруашылығы бар адамдарға жалға берген. Барлық ауыл шаруашылық жерлерді тексеру және жер кадастрын цифрландыру өте баяу жүргізілуде және әрдайым сапалы дұрыс бола бермейді. Жайылымдарды бақылау және оларды пайдалану жоспары да дайын емес, дегенмен жыл сайын жерді геоботаникалық сараптама жасау үшін шамамен 7 миллиард теңге бөлінеді», - деді Нұржан Әшімбетов.
Айдарбек Сапаров жайылымдарды беру мәселесі заңды түрде дұрыс жасалады, бірақ жергілікті жерде заңды жүзеге асыруда түрлі жағдайлар туындайтынын айтты.
«Толықтай кең көлемде геоботаникалық жерге түсіру жұмыстарын жүргізуге қаржы жоқ, жайылымдардың схемалары мен жоспарларын тіркеу кезінде заң органдары тарапынан кедергілер болады. Жер учаскесінің иесін ауыстырған кезде жоспарлар шығынға ұшырайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бізге депутаттардың көмегі қажет», - деді вице-министр.
Аталған мәселені талқылау қорытындысы бойынша ПБК Nur Otan фракциясына Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамаға түзетулер әзірлеуді және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеулерге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын тексеру тапсырылды.