Жамбыл облысындағы кәсіпорын Ирландиядан ангус тұқымды сиырлар әкелді

«Жамбыл ет» ЖШС Ирландиядан 400 бас ангус ірі қара мал әкелді. Бұл сиырлардың тұқымын кәсіпорын алғаш рет сатып алып отыр. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кәсіпорын 1000 бас ет тұқымындағы малдарды сатып алды. Аталған қаражат «Аграрлық несие корпорациясының» АҚ филиалы арқылы алынды. Ірі қара малдар сатып алушыларға бұдан ертерек жеткізілуі керек еді, алайда пандемияға байланысты бұл процесс кейінге қалдырылды, деп хабарлады әкімдіктен.

«Жамбыл-ет» ЖШС ет өндірісін шығарумен айналысады және нарықтың айтарлықтай көлемін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Сондықтан да, олар ангус тұқымын таңдап, сиыр етін сатуға басты назар аударуды ұйғарды.

«Әкелінген 10-15 айлық таналарды алдымен карантинге жібереміз. Одан кейін олар жайылымда болады. Осы уақыт аралығында біз жануарларды бақылайтын боламыз. Бұл үшін барлық жағдай жасалған, жем-шөп дайындалған, сонымен қатар қажетті дәрумендер мен минералды заттарды береміз», - деді кәсіпорын директорының орынбасары Бақыт Есқалиев.

5 қыркүйекке дейін қалған 600 бас мал «Жамбыл етке»  әкелінуі керек, одан соң, малдар карантинге, кейін жайылымдарға жіберіледі.

«Бізде Жамбыл облысында 1000 га жайылымдық жер бар, онда мал жазда жайылады. Бұл әзірге жеткілікті. Қажет болса, қосымша жерлерді кез келген уақытта жалға алуға болады. Қыс мезгіліне арналған жем-шөпке келер болсақ, ол жеткілікті мөлшерде жиналған», - деді Б.Есқалиев.

Өз кезегінде «Жамбыл ет» ЖШС директоры Света Шаушенова болашақта серіктестік ет пен сүт бағытындағы симменталь ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отыр.

«Бізде сүт өндіруге жағдай бар. Бірақ бұл әлі компанияның жоспары ғана», - деді ол.

Ауыл шаруашылығы басқармасындағы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Балжан Искакованың айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2020 жылы облыста 5 мың ірі қара мал сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта 1 676 бас мал сатып алынды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.