Қазақстанда Чехиядан ірі қара мал әкелуге салынған тыйым алынып тасталды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 7 желтоқсаннан бастап Чехиядан ірі қара мал әкелуге қойылған шектеуді алып тастады. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық палатасының өкілі Алмат Әубәкіров мәлімдеді.

Қазақстандық фермерлер үшін Чехиядан асыл тұқымды ірі қара мал әкелуге салынған тыйым  2019 жылдың маусым айынан бастап күшіне енді.

«Мұндай шешімге ресейлік «КамАгро Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің герефорд сиырларды Чехиядан Қазақстанға жеткізіп берудегі жалған әрекеттері себеп болды. Алайда, ұлттық заңнамаға сәйкес, мал импортына тыйым салудың негізі импорттаушы елдегі малдардың жұқпалы ауруларына қатысты қолайсыз жағдай ғана болуы мүмкін. Яғни, ресейлік компанияның алаяқтық әрекеттері импортқа тыйым салуға негіз бола алмайды», - деп жазды Алмат Әубәкіров Facebook бетінде.

Ол кәсіпкерлер тыйым салынған кезден бастап бұл шешімнің негізсіз екендігін айтқандығын атап өтті. Бұл мәселе бойынша ҰКП барлық заң орындарына, оның ішінде Бас прокуратураға шағымданды.

Желтоқсан айында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қазақстандық мал өсірушілердің талаптарын орындады, себебі олар малды әкеле алмағандықтан шарттағы міндеттемелердің орындалмауынан шығынға ұшырады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Асыл Түлік генофондты Австриялық симменталь тұқымымен толтырды

Еске сала кетейік, 2019 жылы «КамАгро» компаниясы қазақстандық фермерлерге асыл тұқымды мал атын жамылып, жалған құжаттармен бірге мал сатқан. Сонымен бірге, малдың бір бөлігі Қазақстан Республикасына мүлдем жеткізілмеген. Ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуға мемлекеттік несиелер алынды.

Қазақстандық 16 фермер КамАгроның әрекетінен зардап шекті. Олар малды ала алмады, банкке қарыз болып қалды. Сонымен қатар мемлекеттік несиелерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар төлей бастады. Мемлекеттік орындарға және бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінгеннен кейін айыппұлдар алынып тасталды, сонымен қатар фермерлерге несие бойынша жеңілдік кезеңі берілді. Ресейлік компанияға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.