«Асыл түлік» асыл тұқымды орталығы ШҚО-да бөлімшесін ашады

«Асыл түлiк» Республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы орталығы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында «Шалабай» ЖШС базасында өз бөлімшесін ашуды жоспарлап отыр. Аталған жоба бизнес өкілдерінің және қазақстандық ақбас тұқымды  республикалық палатаның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл туралы «Асыл түлік» кәсіпорнынан хабарланды.

«Шалабай» ЖШС-да жасалған ынтымақтастық туралы меморандум  аясында крио-консервілеу зертханасының құрылысы басталды, мұнда бұқалардан ұрық алынатын болады, олар: қазақтың ақбас сиыры, қалмақ, Алатау, Әулиета, Симменталь және басқа да малдар. «Асыл түлік» АҚ мекемесі бұл жобаға зертханалық жабдықтарын  және криоконсервация мен бактериология бойынша білікті мамандарын қатыстыра отырып, ғылыми орталық ретінде қатысады», - деп хабарлады орталық.

Бұған дейін, 2020 жылдың мамыр айында асыл тұқымды орталыққа Австриядан жоғары генетикалық Симментал тұқымының 13-14 айлық 5 бұқасы әкелінді. Орталық генофонды бұқалардың жаңа тұқымымен толықтырылып жатыр. Жылына 100-ден 120 мыңға дейін сапалы ұрық дозаларын қатыру жоспарлануда.

Тақырыпқа байланысты оқуАсыл Түлік генофонды Австралиялық симменталь ұрықтарымен толықтырылды

Сонымен қатар, қазақтың ақбас тұқымды республикалық палатасымен келісім бойынша 2020 жылдың шілде айында Батыс Қазақстан облысының «Сәбит» шаруа қожалығынан және «Айсұлу» ЖШС-дан 13-17 айлық 10 бұзау әкелінді. Бұқалар ДНҚ анализі бойынша бағылаудан өткізілді.

Жалпы алғанда, «Асыл түлік» АҚ міндеті малдардан жоғары сапалы ұрық алу, жинақтау, сақтау және оны тарату  болып табылады. Мұндағы криоконсервацияның  зертханасы ГОСТ 26030-2015 стандарты бойынша генофондты бұқалардың, қошқарлардың және ешкілердің ұрығымен толықтырады.

Орталық құрылғаннан бері 11,5 млн астам дозадай ұрық өндіріліп, 6 млн астам дозасы Қазақстан Республикасының аймақтарында сатылды. Материалдың қалған бөлігі асылдандыру орталығының биологиялық қоймасында сақтаулы тұр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.