Қаңтар-наурыз аралығында түйе саны айтарлықтай өзгерген жоқ

Статистикалық комитеттің мәліметтері бойынша Қазақстандағы түйе саны 2020 жылдың 1 наурызында 214,6 мың, ал 2020 жылдың 1 қаңтарында 2014,8 мың болған.

Ал былтырғы 2019 жылдың 1 наурызындағы көрсеткіш 206, 2 мыңмен салыстырғанда биылғы жылы 8,4 мың бас түйеге артқандығын көреміз.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында мал басы Ақмола (0,1 мың), Алматы (7,4 мың), Батыс Қазақстан (2,2 мың), Қарағанды (1,4 мың), Қостанай (0,2 мың) және Павлодар (0,1 мың) облыстарында бұрынғы сан бойынша бірқалыпты деңгейде қалған.

Келесі төрт облыста түйе санының біршама азаюы байқалады: 

  • Ақтөбе — 17,8 мыңнан 17,4 мыңға дейін;
  • Атырау — 32,4 мыңнан  31,7 мыңға дейін;
  • Жамбыл — 6,9 мыңнан 6,7 мыңға дейін;
  • Түркістан — 30,4 мыңнан 30,2 мыңға дейін.

Түйе саны өскен облыстар да бар, атап айтсақ, Қызылорда облысында ( 47,9 мыңнан  48,6 мыңға дейін) және Маңғыстау облысында ( 67,3 мыңнан 68,1 мыңға дейін).

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.