Павлодар облысында 1000 ірі қара мал ұстайтын сүт фермасы ашылуда

Павлодарлық «Ақтоғай-Агро» аграрлық компаниясы 2021 жылы екі үлкен жобаны жүзеге асыруда: жалпы көлемі 500 млн.теңгеге 5000 тонна көлеміндегі көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталды және 1000 бас сиырға арналған сүт-тауарлы ферма салынуда. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Аталған палата мәліметтері бойынша, 2020 жылы «Ақтоғай-Агро» 12 мың тонна өнім шығаратын 4 көкөніс қоймасын пайдалануға берді.

Компания картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат,бидай, арпа және рапс өсіреді. Бұл шаруашылық жыл сайын суармалы егін алқыптарын кеңейтуде.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Ақтоғай аудандық филиалының директоры Нариман Рахымжанов «Ақтоғай-Агро» өнімі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанға да үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.

«Кәсіпорын тек өткен жылдың өзінде 400 млн.теңгеге 7 трактор сатып алды. Сондай-ақ, егістікті суару үшін 240 млн теңгеге 6 жаңбырлатқыш техника сатып алынды», - деді «Ақтоғай-Агро» ЖШС директорының инвестициялар жөніндегі орынбасары Александр Киселев.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстандағы 2019 жылы сүт өндірген ТОП-69 ірі компания

Сонымен қатар, биылғы жылы «Ақтоғай-Агро»  бір аусымда 1000 нан шығаратын наубайхананы іске қосты.

Кәсіпкерлер палатасы компанияға жер учаскелерін беру, субсидия алу,  сертификаттар алу және басқа да нарықтарға өнімдерін шығару, сату мәселесінде көмектеседі.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.