Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Kusto Group серіктес компаниялармен бірлесіп құны $60 млн болатын желатин өндірісін іске қосады
Әлемдегі жетекші желатин өндірушісі Tessenderlo Group пен Kusto Group компаниялары Қазақстанда бірлескен өндіріс ашатын болады. Бұл жоба Kusto Group компаниясының американдық Tyson Foods кәсіпорнымен бірге іске қосып жатқан ет өңдеу зауыты жұмыстарының жалғасы болады. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ірі қара малдың терісі мен сүйегінен жасалатын желатин өндіру жобасына кәсіпкерлер бірлесіп $60 миллионнан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Осы істі қазақстандық делегация Бельгияға сапары барысында талқылады. Сапар аясында Kusto Group өкілдері Вильворд қаласында орналасқан желатин мен коллаген пептидтерін өндіретін PBLeiner зауытында болды. Компания АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Қытай және басқа да елдерде жоғары сапалы желатин мен коллаген пептидтерін өндіретін әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі болып табылады.
«Қазіргі таңда американдық инвесторлармен және Kusto Group компаниясы ірі қара мал етін қайта өңдеуге байланысты жобаны жүзеге асыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Осыған байланысты малдың терісі мен сүйектерін одан әрі қалай өңдеу керектігін талқылаудамыз. Tessenderlo Group-пен келіссөздер жүргізіліп, кейіннен қазақстандық делегация компанияның зауыттарына баратын болады», - деді KAZAKH INVEST компаниясының Еуропа елдеріндегі өкілі Айнұр Тумышева.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға Tyson Foods ет комбинаты не үшін қажет
Іскери кездесулер нәтижесінде екі тарап өндірісті ашу үшін қолда бар ресурстар мен инфрақұрылымды жан-жақты сараптау үшін бельгиялық мамандардың Қазақстанға сапар жасауын ұйымдастыратын болып шешті.
Tessenderlo Group - қоректік заттар мен өсімдіктерді қорғауға арналған өнімдер шығаруға және малдардың субөнімдерін қайта өңдеуге маманданған бельгиялық өндірістік топ. Компанияда 4 700-ден астам адам жұмыс істейді. Tessenderlo Group-тың әлем бойынша 100-ден астам кеңсесі бар (Солтүстік Америка, Еуропа, Азия және т.б. елдерде). Аталған кәсіпорынның 2019 жылғы кірісі 1,7 миллиард еуроны құрады.