Сенатор жайылымдарды беру туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынады

Қазақстанда 21 млн гектарға жуық тозған жайылымдар бар және жеке үй шаруашылықтарына мал жаю үшін жайылымдық жерлердің тапшылығы байқалады. Аталған мәселені заң түрінде шешу қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дюсембинов үкімет басшысының атына сауал жолдай отырым мәлімдеді.

Сенатор атап өткендей, жайылымдық жерлердің тапшылығы республиканың барлық аймақтарында байқалады. Мал шаруашылығы өнімінің 66% ауылдық жерде өндірілгенімен, мұндай орасан зор биологиялық қор мемлекет қолдауынан тыс қалып, қазіргі заманғы технологиялық процестерге қатыспауда.

«Көптеген елдер жерге өздерінің ұлттық қауіпсіздігі ретінде қарап, ерекше ресурс етіп қарастырды. Сондықтан да жер мәселесіне басты назар аударатын кез келді деп санаймыз», - деді депутат.

Тақырыпқа байланысты оқуАуылдық елді мекен жанындағы жер жетіспеушілігі 29 млн га

Ол біріншіден, шаруа қожалықтарын біріктіруге және ірі кооперативтерді құруға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. Екіншіден, жайылымдарды қолданудың ұзақ мерзімді жоспарларын бекіту керек, оларды пайдаланудың шарттарын анықтау және мал басына байланысты пайдалану төлемін енгізу қажет.

Сұлтан Дюсембинов жайылымдарды ауыстырып қолдану және алыс жайылымдарды беру бағдарламасын жасауға шақырды.

«Жергілікті атқарушы органдар пайдаланылмаған жерлерді қайтару бағытында белсенді жұмыс жасауы керек. Сонымен қатар жайылымдық жерлерді бөлу және пайдалану туралы қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізу қажет», - деп түйіндеді ойын сенатор.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.