Суармалы жерлер бойынша ТОП-7 өңір
Су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген Қазақстанның суармалы жерлерінің ауданы 2019 жылдың соңында 1 млн 546 мың га құрады. Ол елдегі өсімдік шаруашылығы өнімінің 40% -дан астамын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте алқаптардың тек 14 пайызына (210,4 мың га) қазіргі заманғы тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері қолданылады. Қалған алаңдар ескірген үнемді емес – жаппай суландыру және беткі суару әдістерімен суландырылады. Нәтижесінде, Қазақстандағы суармалы жерлерде орташа өнімділік басқа елдермен салыстырғанда 2-4 есе төмен.
Суармалы жерлер негізінен оңтүстік аймақтарда шоғырланған: олардың шамамен 38% -ы Түркістан облысында, 29% -ы Алматы облысында, 14% -ы Қызылорда облысында және 8% -ы Жамбыл облысында. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суармалы егістіктің үлесі келесідей бөлінді:
Тақырып бойынша оқыңыз: Суаруға арналған инфрақұрылымды кеңейту АӨК-ті дамытуға серпін береді – Мамин
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 2016 жылы республикада тұрақты суару алқабы 1 миллион 460 мың гектар болған (салыстыру үшін, 1991 жылы – 2,3 миллион). Осыған байланысты, ҚР АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту арқылы бес жыл ішінде (2017 – 2021 жылдар) 610 мың га суармалы егістікті қалпына келтіру міндеті қойылды. Бұл мақсатқа 270 млрд теңге көлемінде бюджет салынды.
2017 - 2018 жылдар аралығында 80 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілді. Сонымен бірге, аталған аумақтың тек 37,7 мың гектары өз мақсатына пайдаланылды: Ақтөбе облысында – 1,4 мың га, Алматы облысында – 11,3 мың га, Жамбыл облысында – 20,4 мың га, Қарағанды облысында – 0,63 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,6 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 2,32 мың га.
Тақырып бойынша оқыңыз: Суармалы ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 10 жылда екі есеге кеңейеді – Ауыл шаруашылығы министрлігі
2019 жылы тағы 66 мың гектар қалпына келтірілді. Ал 2020 жылы тағы 182 мың гектарды қалпына келтіру жоспарланған.
2019 жылы 1 млн 560,9 мың га алқапта суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мониторинг жүргізіліп, 743,8 мың га (47%) суармалы егістіктің жай-күйі «жақсы», 495 мың га (32%) «қанағаттанарлық», ал 322,1 мың га (21%) «қанағаттанарлыық емес» ретінде бағаланды.
Бұл ретте, аудандар түгелдей ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін пайдаланылмайтыны анықталды.