2020 жылы шұбат өндіретін 24 топ шаруашылық
ElDala.kz порталы plem.kz жүйесіндегі мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау алу көлемі туралы мәліметтерін қолдана отырып, Қазақстандағы ең ірі түйе сүтін өндірушілерінің рейтингін есептеді.
2020 жылдың басында Қазақстанда 216 мың түйе бар болатын, жыл аяғында олардың саны 221 мыңға жетті, мал саны 5% -ға артты. Түйе ұстаудан көшбасшы Маңғыстау (71 мың бас) және Қызылорда (51,5 мың) облыстары болып тұр.
Түйе сүті-шұбат басқа да сүт өнімдері сияқты, дәрумендерге бай, атап айтқанда С витаминіне бай, бұл иммунитетке жақсы әсер етеді, - деді Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақ тағамтану мектебінің негізін қалаушы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей Ғылым академиясының академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов (суретте). – Бір айтарлығы, түйе малы табиғатта тіршілік етеді, табиғи ортада қоректенеді. Түйе сүтінде ақуыз концентрациясы мол болады. Ең бастысы, түйе малы ауруларға шалдықпауы керек.
Түйе сүтін өндіру мен қайта өңдеу құнын төмендету үшін мемлекет фермерлерге 1 кг сусынға 55 теңге субсидия төлейді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы 2019 жылы сүт өндіретін ірі ТОП 69 компания
Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау алу үшін шаруашылықтарға қойылатын талаптар: кемінде 30 бас үш жасар аналық мал болуы тиіс, сондай-ақ малдары ақпараттық жүйеде тіркелуі керек. Сонымен қатар, сүт есеп нөмірі бар зауытқа немесе цехқа өткізілуі тиіс. Бір түйе жылына 1500 килограмдай өнім беруі қажет.
2020 жылы Қазақстан мұздатылған кептірілген түйе сүтін экспорттай бастағаны белгілі. Бұл ұнтақ Қытайға жіберіледі. 13 мың тоннадай алғашқы партия дәл осыдан бір жыл бұрын, яғни 2020 жылы наурызда Қытайға «Gold Camel GROUP LTD» зауытына жіберілді. Бұл Түркістан облысында ҚХР инвесторлары салған бірлескен кәсіпорын. Мұнда сублимацияға арналған шикізатты облыстың 20 шаруа қожалығы жеткізеді.
Осындай өндіріс орындары Қарағанды және Алматы облыстарында да ашылды.
2020 жылы Қазақстанда түйе сүтін өндіруге және өңдеу үшін субсидия - Алматы, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының фермерлеріне берілді. Барлығы 31 шаруашылық алды.
Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылы қымыз дайындаған ТОП-30 шаруашылық
Алматы облысында субсидия алған үш шаруашылық орналасқан, оның ішінде Қазақстандағы ең ірі түйе сүтін өндіруші «Даулет-Бекет» ЖШС - 2 060 400 кг (мемлекеттік қолдау мөлшері - 113 млн 322 мың теңге). Аталған кәсіпорынды 2001 жылы кәсіпкер Сыдық Даулетов ашқан. Мұнда 46 мың гектарда 5 мыңнан астам түйе жайылады (Іле және Жамбыл аудандары). Мал шаруашылығына қазақ бактриандар (екі өркешті түйелер) және түркімен арвандары (бір өркешті түйелер) кіреді. Түйе сүтінен дайындалған дәстүрлі ашытылған сүт сусыны - шұбат заманауи қондырғылармен дайындалады. Бұл өнімдер бүкіл Қазақстан аумағында сатылады, сонымен қатар көрші мемлекеттерге - Ресей мен Қытайға экспортталады.
Алматы облысындағы келесі шаруашылық «Маханов» шаруа қожалығы, мұнда - 306 180 кг (16 млн 839,9 мың теңге) және «Тахиров» шаруа қожалығы - 88 340 кг (4 млн 858,7 мың теңге) болады.
Атырау облысында 10 шаруашылық субсидия алды. Оның арасында ірі шаруа қожалығы - «Алға-1» шаруа қожалығы, ол 2020 жылы 16 4070 кг түйе сүтін өндірді (мемлекеттік қолдау көлемі- 9 млн 23 мың 850 теңгені құрайды). Келесі орында «Еңбек» шаруа қожалығы тұр – 42 200 кг (2 млн 486 мың теңге) және «Первомайский» -ЖШС - 37 934 кг (2 млн 086 мың 370 теңге) келеді.
Қызылорда облысында субсидия алған екі мекеме орналасқан - «Жәдігер»- 110 960 кг (мемлекеттік қолдау мөлшері - 6 млн 102 мың 800 теңге) және «Сұңқар»- 27 000 кг (1 млн 485 мың теңге).
Түркістан облысында субсидия алушылардың саны көп, олар 16 шаруашылық. «Үсенов» шаруа қожалығы ең ірі өндіруші - 586 513 кг түйе сүті (мемлекеттік қолдау мөлшері 32 млн 258 мың 215 теңгені құрайды). Келесі «Гулмайра» шаруа қожалығы- 565 186 кг (31 млн 85 мың 230 теңге) және «Дат» шаруа қожалығы 116 479 кг (6 млн 406 мың 345 теңге) болады.