Иван Сауэр: талан-таражға салатын схема емес, саланы дамытатын стратегия қажет

ElDala.kz порталына Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр 2022 - 2026 жылдарға арналған елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа стратегиясы қандай БОЛМАУЫ керек деген сұраққа жауап берді. Ол «Родина» агрофирмасының бас директоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының АӨК комитетін басқарады, сонымен қатар бұл жерде аталған жаңа құжат талқыланатын болады.

Бұл аграрлық бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі бақылауына алса ғана, ол сапалы әрі дұрыс болатынына сенімді. Әйтпесе, бәрі бұрынғыдай болады, әртүрлі лоббистік топтар бағдарлама арқылы  бюджет ақшасын қалталарына салуға тырысады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Сүтке жұмсалған миллиардтар –субсидия сүттен түсетін пайданы қалай үш есе арттыруда

«Өкінішке орай, бізде әзірше бағдарламалар туралы емес, схемалар жайлы ойлайды», - деді Иван Сауэр. – Егер бір жерде бір нәрсе ашылса, оның жанында міндетті түрде біреу жүреді және мұның бәрі кім үшін істеліп жатқанын да білеміз. Бенефициарлар дайын тұрады, олардың қалталары ақшаға тола бастайды.

Жалпы бағдарламалар бұлай болмауы керек. Кез-келген жоба тәжірибеден өтуі тиіс. Әлемде бағдарламалар жасауда сарапшылар, практиктер, ғалымдар, табысты кәсіпкерлер қатысады. Тексерістен өткеннен кейін ғана бағдарлама қолданысқа енгізіледі. Біздің елімізде кері тартатын шетелдіктерді емес, өз ғалымдарымызды шақырып жасауға болады.

Былтыр мен жиналыста сөз сөйлеп, Ауыл шаруашылығы министрлігін жалған сарапшылардан сақтау керек дедім. Қазір олар өте көп. Әлеуметтік желілерде кім болса сол пікір жазып айтуда. Біреу бір нәрсені ұсынады, екіншісі тағы бір нәрсені айтады: субсидияларды бөлу немесе бөлмеу  туралы сан түрлі сөз айтуда.

Содан кейін етпен туындаған жағдай сияқты болады.Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа қысым жасалып, жобаны одан әрі жалғастыруды талап етті емес пе? Бірақ ол оны 50% -ға қысқартты, жаңа бағдарламада бұлай болмайды деп ойлаймыз. Бірақ аталған жоба бюджетке қаншама шығындар әкелді? Ешқандай пайда әкелмесе де қыруар ақша жұмсалды.

Тақырыпқа байланысты оқу: Алмасбек Садырбаев: Мал шаруашылығы қиын жағдайда қалады

Бір кездері неге жаппай «етпен»  айналысып кетті деп ойлайсыз? Себебі бұл да бағдарлама емес, кәдімгідей схема болды: алып сатарлар ірі қара мал импорттағаны үшін субсидия алды. Бордақылауға берсе де субсидия алды. Содан кейін мал бордақылау орындары малдарды Өзбекстанға жібере бастады. Мемлекетке бұдан қандай пайда түсті? Ешқандай. Бірақ схемаға қатысушылар төрт деңгейде субсидия алды.

Бізде, «Родина» Агрофирмасында, ет бағытындағы 220 бас ірі қара бар. Қазір малдар төлдейді. Мал басын көбейту жоспарланып отыр, себебі бізде жайылым бар, олар бос тұрмасын деп өсірудеміз. Бірақ біз қазақтың ақбас сиырларын сатып алдық, асыл тұқымдыларды Солтүстік Қазақстан облысындағы «Алабота» асыл тұқымды фермасынан алдық.

Не себепті ақбас сиырларды таңдадық?

Себебі Ангусты ұстау ақымақтық. Елде сол сиырларды алу сәнге айналғандай, бірақ оны фермерлер емес, заңгерлер, «паркетте» жүретін фермерлер жасап шығарған. Бізде Ангус жайылатын соншалықты жайылымдар жоқ! Бұл малға үнемі азық беру керек, әйтпесе өліп қалады. Елде 200 миллион гектар жайылымдық жерді алып, малға күндіз –түні  жем-шөп беру ақылға сыймайды. Қазақтың ақбас тұқымы әлі күнге дейін қардың үстінде жайыла алады. Біздің Ақбас сиырларымыз жеріміздің аздығына қарамастан, қараша айына дейін жайылымда болды, олардың барлығы домаланып, семіз. Ал Ангустарға азық бермесе, аштан өлетін еді. Менің көршілерім оларды ұстайды және егер ангусқа жем-шөп салмаса  не болатынын бәрі біледі.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстандық АӨК-тің жіберіп алған мүмкіндіктері

Сонымен, ет бағдарламасын дамытқымыз келсе, жергілікті жағдайға бейімделген, өзіміздің асыл тұқымды - қазақтың Ақбас, Әулиекөл тұқымын өсіру керек. Бұған қоса, қой және үйір жылқыларды өсіру қажет. Міне, біздің елдің ерекшелігі осында! Қазақстан ландшафты минималды шығындармен осы саланы дамытуға мүмкіндік береді.

Жоқ, бізге Ангус пен Герефорд сиырларды әкелінді. Біреулердің айтуынша бұл малдардың еті көп. Бірақ нәтиже қандай болмақ, соны ойластыру керек. Бастапқыда парадокс болды: егер Ангус пен Герефордтар соншалықты пайдалы болса, ет индустриясының болашағы болса, онда неге бұл малға осындай ақылға қонымсыз субсидиялар бөлінді? Егер бәрі соншалықты жақсы және пайдалы болса, неге мал құнын 100% субсидиялау керек?

Сондықтан бәрі ақыры мал экспортына ауысты.

Тақырыпқа байланысты оқуҚытайға мал экспорттау елдегі ет бағасын көтереді

Айтпақшы, біз «Атамекен» ҰКП-да экспорттық мораторийді ұзарту туралы қызу пікірталас өткіздік. Біз тірі бұқаларды экспорттауға рұқсат беру үшін сол жерде дауыс бердік. Бірақ біз бұған қандай талап қойдық: бұқаларды экспорттау кезінде асыл тұқымды бұқалар кетпес үшін ауыл шаруашылық министрлігі оларды қалай бақылауға алып, нақты жоспар ұсынған жағдайда ғана рұқсат беру керек дедік. Әйтпесе, бұрынғыдай: бір жағынан, аналық сиырларды әкеліп, субсидия алып,екінші жағынан олардың енін ауыстырып, Өзбекстанға жіберіп, тағы субсидия алды.Алайда бізге мал экспортын бақылау механизмін ешкім берген жоқ. Сондықтан мораторий ұзартылып жатыр - бұқаларды экспорттауға рұқсат болмайды, дегенмен бұл мәселе өте күшті лоббизмге ұшырады.

Бізде барлық жерде лоббистер жүреді. Теріге қатысты жағдайды айтсақ, экспортқа тыйым салынды. Нәтижесінде не болды? Қазір біз оларды жай лақтырап тастаймыз! Себебі ешкім теріні 500 теңгеге бермейді. Бірақ бұрын15 мың болған кезде сатуға болатын еді.

Сондықтан, қазір біз оларды жинаймыз, ал жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін оларды жоямыз. Біз жаңаларын жинаймыз. Ешкім оны арзанға алмайды. Бұл өте үлкен шығын!

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстан Қытайға қандай ет сатуы тиіс

Мысалы біздің ферма туралы айтсақ, 2019 жылы біз 800 тонна ет өндірдік. Айтқандай, біз етке ешқандай субсидия алған жоқпыз, өйткені біз сол ұрылардың схемасына қатысқан жоқпыз.

Теріден түсетін кірістен айырылды: мысалы біз шамамен 800 тонна ет өндірдік, 1700 бас мал сойылды. Яғни, біз 1700 теріні қоқысқа лақтырдық. Кім кінәлі? Экспортқа тыйым салуды айтқан былғары фабрикаларымыз.

Біз бұл мәселені «Атамекен» ҰКП қарастырған кезде біз осы зауыттардың басшыларын шақырдық. Олардан мәселенің мән-жайын сұрадық. Шын мәнінде олар елдегі тері шикізатының 20-22% -ын ғана өңдей алады екен. Олай болса, бүкіл теріні өңдеуге шамалары келмесе, не үшін олар 100% экспортқа тыйым салуды талап етті?

Бұл ұсақ шаруа қожалықтары мен қарапайым ауыл тұрғындарына қатты әсер етті, олар үшін бұл тері жақсы табыс болып табылады. Ал қазір олар оны лақтыруға мәжбүр.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстан мал терісіне салынатын баж салығыннөлге теңестіруді жоспарлап отыр

Агроөнеркәсіптік кешенде мұндай ойластырылмаған қадамдар өте көп. Себебі бізде бағдарламалар емес - бізде әрқашан схемалар жұмыс істейді.

«Қаржылық сауықтыруды» қалай ойлап тапқанын еске түсірейік. Осы бағдарлама нәтижесінде 523 миллиард қаржы желге ұшті, ҚазАгроның өзін тақырға отырғызып, «Қаржылық сауықтырылатын» компаниялар бәрібір құлдырады. Себебі бұл бастапқыда бағдарлама емес, ақшаны алу схемасы болған. Ал «бағдарлама» сөзі жай жамылу үшін қажет болды емес пе.

Міне, жақында – темір қалдықтарын жинау. Парламент қолдап дауыс берді. Бір дауыс «қарсы», қалғаны «иә» деп жауап берді. Бұл дегеніміз, бізде оппозиция жоқ. Елдегі коммунистер, «Ауыл» партиясы қайда қарап отыр. Осыдан кейін олар фермерлерге барып қалай дауыс жинайды екен?

Біз «Атамекен» ҰКП-да қалдықтарды жинауды жай ғана талқылап жатқан кезде мен мынандай ұсыныс айттым - қалдықтарды жинауды тек өзіміз шығаратын жабдыққа енгізу керек. Мен министрмен, вице-премьермен, премьер-министрмен сөйлестім, олар келісті. Бірақ содан кейін біздің «радикалдардың» айтуынша болды, олар жоқ, қалдықтар жиналмауы керек - оны толығымен алып тастау керек деді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Елдегі темір қалдықтарын жинау Қазақстан аграршыларын тақырға отырғызады

Нәтижесінде не болды? Экология министрі бұйрық жазып, барлығына қалдықтарды жинау төлемін енгізеді. Бұл, әрине, машина-трактор паркін жаңартуды тоқтатып, салаға тағы соққы болады.

Бірақ осындай шараларды қолданбай-ақ жасауға болатын еді ғой: фермерлердің жағдайын ойлап, біздің ауыл шаруашылық машиналарын жасаушыларды қолдау керек еді.

Сондықтан менің айтарым, жаңа бағдарлама біреудің мүддесін ойлайтын ақша жасау схемасы емес, белгілі саланы дамытудың стратегиясы болуы керек.

 

Сергей Буянов

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.