Қостанайлық репродуктор 1,8 мың бас абердин-ангус малдарын сақтандырды

Қостанайлық асыл тұқымды «Север-Агро Н» ЖШС  репродуктор қараша айында «Жусан Гарант» сақтандыру компаниясымен ірі қара малға қатысты шарт жасасты. Мұнда оператор- Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры  болды, ол малды сақтандырудың жаңа бағдарламасы аясындағы Қазақстанда жасалған алғашқы шарт болып табылады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарабалық ауданында орналасқан селекциялық-асыл тұқымды репродуктор 1 795 асыл тұқымды ірі қара малды - аурудан, өлімнен, жазатайым оқиғалардан және басқа да төтенше көптеген жағдайлардан сақтандырды. Сақтандыру полисінің құны шамамен 14 млн теңгені құрады, оның 7 млн теңгесін мемлекет субсидия түрінде төлейді.

«Север-Агро Н» ЖШС абердин-ангус тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады. 2018 жылы компания Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, АҚШ-тан асыл тұқымды сиырлар әкелді. Бүгінгі таңда импортталып шетелден әкелінген малдар алғаш рет төлдеуде.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда жем өндіруге қатысты бес жылдық бағдарлама жасалуда

Қазан айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайды ескеретін және ірі қара малды сатып алу-сату нарығындағы белсенділікті арттыруға бағытталған кеңтәуекелді сақтандыру бағдарламасын іске қосты.

 Енді фермерлер малды өз шаруашылығының аумағында, сондай-ақ 5 километр радиустағы көрші шаруашылықтардың аумағында аурулардан және басқа да тәуекелдерден сақтандыра алады. Аталған тәуекелдерге жұқпалы және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың қаскүнемдік әрекеттері, қауіпті табиғи немесе стихиялық құбылыстар, сондай – ақ жазатайым оқиғалар-жарылыс, найзағайдың түсуі, тұншығу, жануарлардың шабуылы, жылан немесе жәндіктердің шағуы, мал өліміне әкелетін жарақаттар кіреді.

Егер ірі қара мал саны 30 –дан кем емес болса, сақтандыруға болады. Асыл тұқымды мал үшін 1 бас мал құнының жоғарғы шегі - 1 млн 600 мың теңге, тұқымына қарай әр мал үшін - 600 мың теңге, тауарлық мал үшін - 300 мың теңге. Сақтандыру тарифі-1,54-тен 4,62% - ға дейін. Сақтандыру шартын жасасу кезінде мемлекет сақтандыру сыйлықақысы сомасының 50% - ын төлейді, осылайша фермердің шығындарын азайтады», - деді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарушы директоры  Асқар Калиев.

Сақтандыру шаралары бойынша барлық процедуралар Qoldau.kz платформасында ауыл шаруашылығы өндірушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы  бойынша Agroinsurance ақпараттық жүйесінде жасалады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.