Қазақстанда 2021 жылы өсімдік шаруашылығын сақтандыру шаралары басталуда

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры (АШҚҚҚ) топырақтағы  ылғалдылық индексі бойынша егінді сақтандыру басталғанын хабарлады. Аталған сақтандыруды Qoldau.kz порталында үйден шықпай-ақ жасауға болады. Сақтандыру құнының жартысын мемлекет өз мойнына алады. Бұл туралы АШҚҚҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Егінді онлайн режимінде сақтандыру 2020 жылы өтті. Өткен маусымда фермерлерге берілген сақтандыру төлемдері шамамен 535 миллион теңгені құрады. Бұл жағдайда сақтандыру жұмысын комиссия мүшелері емес, спутниктік мәліметтерге негізделген ақпараттық жүйе анықтады. Бұл сақтандыру төлемдері механизмінің объективті өтуіне және әділ болуын қамтамасыз етті, деп атап өтті Қор қызметі.

Келісім жасасқан кезде АШҚҚҚ ауыл шаруашылық сақтандыру саласындағы оператор ретінде фермерлерге сақтандыру сыйақысын төлеу шығындарының бір бөлігін өтейді. Қордың сақтандыру департаментінің директоры Әсел Рамазанованың түсіндіргеніндей, шығындардың бұл түрін 2021 жылы субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл жағдайда дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері, сұлы) және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр) сақтандыруға жатады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарының, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтары өз өнімдерін сақтандыра алады.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстанда ІҚМ-ды аурудан сақтандыру басталуда

Сақтандыру процедурасы Qoldau.kz платформасындағы Агро сақтандыру жүйесі арқылы жасалады. Қазақстандық сақтандыру компаниялары болуы мүмкін тәуекелдерді әлемдік нарықтағы ең ірі - Swiss Re, Munich Re және Hannover Re-мен компанияларында қайта сақтандырады.

Шарт жасалғаннан кейін фермер күнделікті жеке кабинеті арқылы топырақтағы ылғалдың деңгейін бақылауға мүмкіндік алады. Егер аталған жүйе ылғал тапшылығын немесе артық мөлшерін анықтаса, онда фермердің электронды поштасына хабарлама жіберіледі, содан кейін ол ЭСҚ-ны қолданып төлем туралы өтінішке қол қояды. Барлық процесс автоматтандырылған, төлемдер сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Егістікке ылғал жетіспеушілігінен туындайтын тәуекелдерді индексті сақтандыру үш кезеңнен тұрады, атап айтқанда келесідей уақыттарға бөлінеді. Бірінші кезең - 15 мамырдан 14 маусымға дейін, екінші кезең - 15 маусымнан 14 шілдеге дейін, үшінші кезең - 15 шілдеден 14 тамызға дейін. Топырақтағы ылғал деңгейін, триггерлер және басқа параметрлер туралы егжей-тегжейлі мәлімет фермердің жеке кабинетінде көрсетілетін болады.

«Қазақстанның көптеген аймақтарында қардың аз болуын және топырақтағы ылғал қорының аздығын ескере отырып, мамандар биыл жаз құрғақ болады деп болжауда. Аталған Қор қызметкерлері мемлекеттік субсидияның берілуі құрғақшылықтан сақтандыру механизмі отандық еңбеккерлер үшін пайдалы қолдау болатынына сенімді», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.