Ақбас және Ангус тұқымды сиыр үшін берілетін субсидия мөлшерін теңестіретін кез келді

Қазақстанға шетелдік асыл тұқымды ірі қара мал импорты әкелініп, ірі қара мал етінің экспорттық жобасының басталғанына да 10 жылдан асты. Алғашқы кезде бұл импорт қажеттілік болса, қазіргі таңда жаппай импортпен айналысудың ешқандай экономикалық негізі жоқ. Бұл сол саладағы мамандардың пікірі.

Сонымен қатар, еліміздегі мемлекеттік қолдау негізінен импортқа бағытталып келеді. Яғни, ет тұқымды отандық сиырды сатып алу үшін бір малға 150 мың теңге, ал импортталып алынатын малға 300 мың теңге субсидия беріледі. Сүт бағытындағы жергілікті сиыр үшін 150 мың субсидия бөлінсе, ал импортталып  әкелінетін сауын сиырға - 400 мың теңге беріледі.

 

500 репродуктор мал

ElDala.kz  порталы  «Атамекен» ҰКП АӨК комитетінің төрағасы, «Родина» агрофирмасының жетекшісі Иван Сауэрден жағдайды түсіндіріп айтуын сұраған еді.

«Біздің шаруашылық 10 жылдан бері әртүрлі тұқымды малдарды шетелден импорттап әкелуде», - деді Иван Сауэр (суретте). – Алайда осы жүйені қайта қарастыратын сәт келді. Біз негізінен асыл тұқымды малдарды импорттап әкелумен айналысамыз. Бұл асыл тұқымды малдар төлдеп, ұрпақ беруде. Қазірдің өзінде шетелдік малдан туылған төлдер осы аймаққа жерсінуде. Олар біздің еліміздегі жағдайға - табиғи-климатқа ғана емес, сонымен қатар жем-шөпке де бейімделген. Сондықтан, біз асыл тұқымды малдарды елімізде өсіруге барынша атсалысуымыз керек. Бұл мемлекет үшін ең басты  міндеттердің бірі болуып саналуы тиіс. Бұл істі ынталандыруымыз қажет, бар мүмкіндікті қолдану  қажет. Өкінішке орай бізде бәрі керісінше болуда.

Бұған дейін мемлекеттік қолдау деңгейі әртүрлі болған еді, себебі республикада асыл тұқымды мал басы жеткіліксіз болуымен түсіндірілетін, сондықтан импортқа көп көңіл аударылған. Бірақ қазір жағдай өзгерді, дейді Иван Сауэр. Аталған сала өзгеріске ұшырау үшін, сәл қолдау көрсетіп жіберу керек. Бұл үшін мемлекеттік қолдау ережелеріне өзгерістер енгізіп, импортталған және отандық малға субсидия беру көлемін теңестіру керек. Содан кейін отандық шаруашылықтар Қазақстандағы асыл тұқымды малдың үлесін арттыру процесіне «қосылады».

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев, ElDala.kz-ке берген сұхбатында қазіргі уақытта елімізде 500-ге жуық асыл тұқымды репродуктор бар деп айтқан болатын.

«Қазірдің өзінде бізде 500-ден астам асыл тұқымды репродуктор бар. Бұл Ангус, Герефорд, қазақтың ақбас, Әулиекөл сиырлары. Негізінен осы төрт тұқым. Сондай-ақ, қалмақ сиыры бар және экзотикалық шароле тұқымы да кездеседі. Таңдап алуға мүмкіндік бар», - деді Мақсұт Бақтыбаев (суретте).

Тақырыпқа байланысты оқу: Мақсұт Бақтыбаев: ет саласының келешегі зор

Қазіргі уақытта субсидия деңгейлерін теңестіретін кез келді, яғни қазақстандық асыл тұқымды мал өндірушілерді ынталандыру мақсатында, олардың көбірек мал ұстауына және көбірек сатуға деген қызығушылықтарын арттыру керек.

Бағытты өзгертетін кез келді

Бұл шешімдерді қабылдау –қабылдамау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолында. Мұндай ұсыныстар бөлімге келіп түскен, бірақ  қолдау таппай жатыр.  Мұның себебін түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын - елде мал импортынан ақша табатын өте күшті лобби топтар бар. Бұл адамдар тіпті өз елдерінің қамын ойлай алмайды, олар ақшадан қағылғылары келмейді. Оларға жеке бастарының пайдасы артық.

Сонымен қатар, Иван Зауэр тағы бір проблемаға назар аударды, ол импорт мәселесі, шенеуніктер қазақтың ақ бас сиыры мен әулиекөл сияқты мал тұқымын құрбан етті.  Себебі олар бір кездері біздің, Қазақстанның қатал климатына, жайылымына жеміне бейімделіп өсірілген еді.

Тақырыпқа байланысты оқуНе себепті  «Родина» Агрофирмасы ақбас сиырларды сатып ала бастады

«Мемлекеттік қолдаудың жағдайы түсінікті, ең бастысы - отандық өндірушілерді ынталандыру керек», - деді Иван Сауэр. -Бұл саладағы бағытты ауыстыратын кез келді. Барлық нәрседе - мейлі өнеркәсіп болсын, мейлі ауылшаруашылығы болсын, отандық өндіріс ең бірінші орында тұру керек. Біз қандай жағдай болмасын шетелдік өндірушілерді қолдаудаймыз, ал ол біздің өзімізге кері әсерін тигізуде. Яғни салық, субсидия және басқа да жағынан өзімізге залал келтіру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл дұрыс емес, түбегейлі қате іс. Бұның нәтижесі қандай болады десеңіз? Мысалы Солтүстік Қазақстан облысында қазақтың ақбас сиырларын өсіретін «Алабота» асыл тұқымды фермасы бар. Олар қазір қаржы жағынан қиналуда. Басқа елдердің ауылшаруашылығына көмектескеннен гөрі, соларға қолдау жасаған дұрыс болар еді. Оның үстіне олардың малы Ангуспен немесе Герефордпен салыстырғанда бәсекеге қабілетті. Бұл малдар біздің жерге бейімделген: бұл сиыр тұқымдары өте жақсы және еті де дәмді.

Өкінішке орай, Қазақстанда сүтті тұқымдар жоқ, сондықтан сырттан әкелінген малға сеніп, голштейндік фриздердің асыл тұқымды малын көбейтуге тура келеді, бірақ бұл малдар отандық асыл тұқымды фермаларда өсірілуде.

 

Nur Otan жергілікті шаруашылықтарды қолдауда

Сәуір айының соңында мәжіліс депутаттары Аманғали Бердалин және Nur Otan фракциясының басқа да депутаттары вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында осы тақырыпты көтерген болатын.

Тақырыпқа байланысты оқу: Депутаттар отандық асыл тұқымды малға субсидия көлемін арттыруды сұрайды

Депутат мал өсіруді мемлекеттік қолдаудың деңгейі жоғары  болғандығына қарамастан Қазақстанда асыл тұқымды мал саны өте баяу өсіп келе жатқандығына назар аударды, жылына 1%-ға ғана көтерілуде. Осыған орай бюджеттен бөлінген ақша басқа елдердің экономикасын арттыруға жұмсалуда, яғни тиімсіз пайдалануда.

«Импортталып әкелінетін мал отандыққа қарағанда 2-3 есе қымбат, осылайша басқа елдерге бюджеттің қаражаты ағылып жатыр, сол арқылы олардың экономикасы көтеріледі деп айтуға толықтай болады. Осылайша, шетелден сатып алынған бір бас ірі қара малындың субсидиясы 300 мың теңгені құрайды, ал біздің елімізде өсірілген асыл тұқымды ірі қара мал үшін екі есе төмен ақша беріледі, бұл біздің отандық мал өсірушілерді қалай қолдап жатқанымызды көрсетеді», - деп жазылды сауалда.

Тақырыпқа байланысты оқу: Ақбас және Ангус тұқымдарының артықшылығы мен кемшілігі

Мәжіліс депутаттарының жариялаған статистикалық мәліметтері бойынша, 2020 жылы Қазақстанға шетелдік селекциядан 7 777 бас ірі қара мал әкелінді. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының аймақтарындағы асыл тұқымды малдың үлесі жалпы мал санының 8,8% -дан 16,3% -на дейін болды.

Депутаттар бұл мәселелерді 2022-2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа ұлттық жобасында шешуді ұсынды. Атап айтқанда, отандық асыл тұқымды малға берілетін субсидия мөлшерін арттыру, сондай-ақ отандық асыл тұқымды шаруашылықтардан асыл тұқымды малды сатып алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеңілдікпен несие беру, пайыздық мөлшерлемесін төмендету керектігін ұсынды.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.